
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тәуелсіздікке арналған кездесу
16.12.2023
Желтоқсан айының 15-жұлдызында Бұқар жырау ауданының әкімі А.Сұлтанғали Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен дөңгелек үстел басында кездесті. Шараға аудандық мәслихат төрағасы А.Әли, аудандық мәслихат депутаты М.Нұрланов, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша кеңесшісі Ш.Курбанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Теміржанов қатысты.
- ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» әр түрлі азаматтық институттар арқылы әділ қоғам құруға ерекше назар аударылады. Біздің ауданда қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіретін қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асырып келеді. Сөз кезегін қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Талашевке ұсынғым келеді, - деді өңір басшысы.
- Кеңестің негізгі міндеттері азаматтық қоғамның мүдделерін айту, шешімдерді қабылдау кезінде халықтың пікірін ескеру, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен байланысын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы жылы қоғамдық кеңес 4 отырыс өткізді. Онда 13 мәселе қаралды. «2022 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы», «2022 жылғы ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеті», «Жер учаскелерін беру кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңдылықтың сақталуы», «Ауданның ауыл-аймақтарындағы кентішілік жолдар», «Ауыз судың сапасы туралы», мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Сумен жабдықтау жобаларын іске асыру барысы», «Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы» және «Аудан мектептерінің оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету» сынды жобалар қаралды, - дейді Қазбек Александрұлы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің тарих пәнінің ұстазы Ербол Қолғанат алаңға келген жұртшылықпен сәлемдесіп, мерекеге құтты болсын айтты.
- Ата-бабаларымыз, Алаш жұрты аңсаған Тәуелсіздікті 1986 жылы желтоқсан жастары яғни рухы мықты, жігерлі, ұлтжанды қазақ жастары алып берген болатын. Бұл тарих нені көрсетіп тұр, яғни қай уақытта, қай заманда, қай кезеңде болмасын еліміздің өркендеуі жастар мен жасөспірімдер қолында екенін тағы бір дәлелдеп тұр, - деді.
Желтоқсан оқиғасына қатысты естелігін Сарыарқа ауылының тұрғыны, Үштөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының
стоматолог дәрігері Курбашин Қалмаққызы Аханова әңгімелеп берді. Ол Қарағанды медицина институтында стоматология факультетінде оқып жүрген кезінде 1986 жылғы қаңтар оқиғасында митингіге қатысуға барғанда құрбысы екеуі полиция қызметкерлерімен ұсталып, оқудан шығарылады. Алайда, келесі оқу жылында өз оқуына қайта қабылданғанын айтты.
Аудан әкімдігінің бас маманы Жанар Оралбай:
- Мемлекеттік қызметкерлердің міндеті – ең алдымен халыққа қызмет ету, ел-жұрттың мұң-мұқтажына құлақ асу. Бұл қызметке келуімнің ең басты себебі осы. Халық пен билік арасындағы дәнекер болып, елдің мұңын жоқтап, жанайқайын жеткізіп, игі бастамалардың мерейін арттырып, іскер азаматтардың мәртебесін көтеріп, жалпы өңірдің айтулы жақсылықтарын жұртшылыққа жеткізу, - деп тебіренді.
Сөз кезегі жеке кәсіпкер Нұрбала Абдрахмановаға берілді.
Осы күні Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Жанар Оралбай, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Алина Малаева, Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Мәди Қалижанов, Үштөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Абылай Жетпісбаев мемлекеттік қызметкердің антын қабылдады.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және Еңбек министрлігінің Алғыс хатымен Мұқанов Асқар Лерманұлы, аудан әкімінің алғыс хаттарымен Аханова Курбашин Қалмаққызы, Жыржыс қажы атындағы мешітінің бас имамы Акошев Рүстем Мұратұлы марапатталды.
Кездесу қорытындысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев, аудандық мәслихат төрағасы А.Әли сөз сөйлеп, шара қатысушыларына арнаған ізгі тілектерін жеткізді.
- Біздің алдымызда жауапты міндеттер, биік белестер тұр. Бұл сыннан сүрінбей өткен жерлестеріміз мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін орындауда бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетеді деген сенімдемін. Тәуелсіздік күні құтты болсын. Баршаңызға мықты денсаулық, еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін, - деп аяқтады сөзін ауданымыздың басшысы Абылай Қайратқалиұлы.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: А.Сұлтанғали, К.Аханова; естелікке сурет.