taza-kaz

Біздің үздік депутат


30.09.2023

Республикалық қоғамдық-саяси «Біздің депутат» газетінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаты Ерсін Жолдыбайұлы Аманжолов «Үздік депутат» атанып, медальмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихат депутаттарының жұмысын  зерттеп, халыққа ақпарат тарататын «Біздің депутат» газеті 7 жылдан бері халық қалаулыларының арасында рейтинг өткізіп, «Үздік депутат» және «Үздік мәслихат төрағасы” номинациясы бойынша марапат тағайындап келеді.

Бүгін «Үздік депутат» атағына лайық деп танылған Ерсін Жолдыбайұлы Аманжолов қоғамға қызмет етіп, ауданымыздың даму жолына орасан зор үлес қосып келеді. Оны мәслихат депутаттары сайлауының екі шақырылымында да қатарынан сайлаушыларының қолдауына ие болып отырғанынан-ақ аңғаруымызға болады.

Дәл осындай марапаттар халық қалаулыларының мәртебесін өсіріп, халық алдында игі жұмыстарды атқаруына одан әрмен шабыттандыра түсетіндігін айта отырып, марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз иеленіп, ел алдындағы абыройлы қызметіңіз ақтала берсін!

Б.Жакешова

Суретте: мәслихат төрағасы А.Әли және депутат Е.Аманжолов.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?