
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қыркүйек айының 24-жұлдызында Ботақара кентіндегі №1 қазақ тірек мектебінің сыныптарында
Марал Ахметжамиева "Бизнес бастау" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, қолына сертификат алған жастарымыздың бірі. Осының алдында жары Дарханмен, екі құлыншағы Әбілмансұр мен Айсұлтанын жетелеп, отбасы жағдайымен кентімізде тұратын ата-аналарының қолына келеді. Әрі ойлап, бері ойлап, отбасылық бизнес ашуға бел буады.
Кейбір жастар "жұмыс жоқ" деп алтын уақытын бос өткізіп алады. Абай атамыз "Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын" деген ғой, осындай жастардың қатары қолы бостықтың салдарынан небір жаманшылықтарға барып жатады. Ал өмірдің әрбір сәтін бос жібермей, қимылда, қозғалыста, еңбекпен өткізіп жатқан адамның табысқа кенеліп, отбасы молшылықта өмір сүрері ақиқат.
Қазақ әу баста қонақжай болып жаралған. Халқымыздың осынау керемет қасиетін жас кәсіпкер Марал тал бойына сіңірген. Үлкендерге сыйы, жастарға ізеті, жанашырлығы бірден байқалады. Өмірде қарапайым, қоршаған адамдармен мейірімімен, жылуын төге араласатын Маралдың ұшқан ұясы да көп нәрсені үйреткені жаныңды жадыратады. "Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген дана бабаларымыз.
"Қаржылық қолдау қоры" кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы бойынша несие алып, жерді заңдастырып, кафе екі апта бұрын адамдарға қызмет көрсетуін бастап та кетті. Іші заманауи талаптарға жауап беретін нысанға түс әлетінде барған болатынбыз . Ішінде бірнеше адам әңгіме дүкенін қыздырып, шай ішіп, маңдайлары жіпсіп отыр. Оларға қызмет көрсетіп, ауданымыздың студент қыздары зыр жүгіріп жүр.
- Кафеде шығыс асханасы тағамдарын ұсынамыз. Аспазшы ер адам, қаладан келіп жұмыс істейді. Қуырылған манты, лағман, кәуап сынды тағамдардың дәмі тіл үйіріп, бұрын қой етін жемеген адамдар одан жасаған кәуапты жеп, алғысын айтып кетеді. Өзіміздің шаруашылығымыздағы етті, картопты молынан пайдаланамыз. Болашақта ұн өнімдерінен түрлі тағамдар ұсынатын боламыз. Корей салаты, фунчоза, сәбізден хені өзім дайындаймын, түшпара, мантыға тапсырыс берген адамға 3 минуттың ішінде дайындап береміз. Алдағы уақытта суши дайындауды да қолға алу жоспарда, - дейді Марал бізбен әңгімесінде.
"Екі қолға бір күрек" алып, білек сыбана еңбек етуге кіріскен Маралдың болашаққа жоспарлары осындай.
- Осы мүмкіншілікті пайдаланып, кәсіпкерлігімізге жұмыскерлер шақырғым келеді. Нысанға әкімші, асхана қызметкерлері, техникалық жұмыскер қажет,- дейді.
Кафеде 20 адам отырып тамақтанатын банкет залы бар. Ұлттық нақышта жер үстел қасына жантайып, демалатын бөлме де жабдықталған. Бір көңілге қонымды жері - кафеде арақ өнімдері сатылмайды. "Жас өскін арақ ішкен адамдарды көрмесін", - дейді Марал.
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы осылайша ауданымызда жүзеге асуда. Жылдан жылға ауданымыздың аумағында жеке кәсіпкерлік нысандары көбейіп келе жатыр. Олардың көбейгені жақсы, себебі бәсекелестік орын алады, осының нәтижесінде қызмет көрсету мәдениеті көтеріледі, жұмысты дамыту, тағамдарды әртүрлендіру, басқа нысандарға қарағанда өтімді етіп, арзандату сынды амалдар пайда болады. Тауар немесе тағам тұтынушылар тарапынан сұранысқа түсіп тұрса, ақша айналымы да жылдамдайды. Жылдар өте кәсіпкерлік әлемінде тек шыдамдылар, қиялдары бай, адамдарға жанашыр, өз ісіне деген сүйіспеншіліктері бар адамдар ғана қалады.
Нарық заңы деген осындай. Қиындығы көп істе жас кәсіпкерлер Марал мен Дарханның кемелері өрге жүзіп, бәсекелестікте алдыңғы орындардан көрініңдер деген тілегімізді білдіреміз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде:
') no-repeat center top; background-size:contain;">Тағы бір отбасы бақытқа кенелді
Елорда күнінің қарсаңында Ботақара ауылының тұрғыны Жанерке Кампан есімді көп балалы анаға аудан әкімінің орынбасары Сапар Сатаев көп уақыттан бері арман болған баспана кілтін табыстады.
Болашақ футбол жұлдыздары ортамызда
Ерасыл Еркеғұл небәрі бес жаста ғана болса да, теңбіл доптың түбін түсіріп ойнайтын жас спортшылардың бірі.
Елінің асыл перзенті – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтай туған жердің тау-тасын сүйіп өткен жан жоқ шығар, сірә
жұмыстарымен танысты