
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауылға интернет қойылды
15.07.2023
Төрткөлдіктер қуанышқа кенелді. Ауылға оптикалық талшықты байланыс жүйесі тартылып, ұялы байланыс мұнарасы орнатылды.
Ауыл ішінде, аудан орталығында, тіпті облыс көлемінде өтетін халықпен кездесу жиындарында Төрткөл халқы ауылға интернет желісін орнату мәселесін тоқтаусыз көтеріп келді. Білім жолында қалада жүрген балалармен күнделікті амандық білісу, ел ішінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болудың мақсатында.
Қазіргі уақыт - интернет заманы. Сауданы да үйден шықпай жасауға болады. Қаладан шалғай жатқан Төрткөл ауылының халқы еңбекқор. Олар төрт түліктен алынатын өнімнің көл-көсір пайдасының барын білетін халық. Ауылға келген интернет, ұялы байланыс желісі төртөлдіктер үшін сауда жасаудың амалын жеңілдетеріне сенеміз. Кішкене ауыл болса да, туған жер үшін жан беретін тұрғыны көп төрткөлдіктер осы істің басы қасында болып, өздерінің үлестерін қосқан.
2022 жылы Төрткөл ауылына «Қазақтелекоммен» оптикалық талшықты байланыс желісі тартылып, ұялы байланыс мұнарасы орнатылды. Ағымдағы жылы наурыз айында «Kcell» компаниясының қызметкерлері ұялы байланыс жабдықтарын жеткізіп, электр тоғына қосу үшін құжаттамалары әзірленген. 10-шілде күні ұялы байланыс желісі іске қосылған. Ауыл халқы өз қуанышын жарысқа айтып, осы істің басы қасында болған атқа мінер азаматтар, жерлестеріне алғыстарын жаудырды.
- Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Жеңіс Қасымбек, Бұқар жырау ауданының бұрынғы әкімі Нұркен Кобжановпен өткен жиындарда интернет желісі мәселесі көтерілген еді. Басшылар ұялы байланыс орнатылады деген уәде берді. Айтылған сөз жерде қалмады. Ауыл болып қуанып отырмыз,- дейді Төрткөл ауылының тұрғыны Алтынгүл Шохшина.
Бір-бірінен сүйінші сұрап жарысқан ауыл тұрғындары Үміткер ауылдық округі, аудандық әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
- Ауыл болып қуанып жатырмыз. Интернеттің тартымы барлығы көңілімізден шығып жатыр. Осы іске ат салысқан барша жанға алғыс айтамыз, - дейді Дәулет Жиренов.
Б.Жакешова