taza-kaz

Астананың өміріме әсері


05.07.2023

1998 жылы Астана қаласы Елорда статусын алған сәтте 13 жастамын, Қарағандыдан Павлодар қаласына поезбен өте бара жатқанда жанып тұрған жарық шамдарды көріп, Астана қаласына деген қызығушылық пайда бола бастады. Астананы елестеттім, өзімді мемлекеттік деңгейдегі жұмыс бастауында жүрген жауапты маман ретінде сезіндім.

2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, сол жылдан бері арман қуып, бақыт іздеп Астана қаласына келуге тырыстым.

Расында, Астана - бақыт мекені: 2011 жылы мені Астанаға жұмысқа шақырды. Сол жылдан бері қызметім де өсті, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау жұмысының жетекшісімін. Республикалық апелляциялық комиссиясының, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының, Денсаулық сақтау саласындағы оқу-методикалық кеңесінің мүшесімін, сонымен қатар ҚР барлық медициналық ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарамын.

Осы жылдар арасында 13 шақты шет мемлекеттерді араладым. 2015 жылы Америка Құрама штаттарындағы медициналық практикумға лицензия беретін NBME ұйымында өз біліктілігімді арттырып, Ресей, Еуропаға да жұмыс бабымен бардым. Осы қалада  магистратураны аяқтадым. 2018 жылы ата-анамды көшіріп алуға тырыстым, олар да қазіргі таңда Есіл ауданында өзімізге жақын жерде тұрады.

Осы Астана қаласында жарым Бекзатпен танысып, тұрмыс құрдым. Есіл ауданынан пәтер алып, баспаналы болдық. Ұлым Омарали осы қалада дүниеге келді, сондықтан оны нағыз астаналық деуге болады.Астана өзімізге суығы мен қатты желімен де ұнайды, әсем қалада отбысымызбен саябақтарда серуендегенді ұнатамыз. Астана менің өміріме түбегейлі өзгеріс әкелді деуге болады.

 

Астанадағы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі - мұнда көше атаулары қазақтың алып тұлғалары мен қайраткерлерінің есімімен аталады, оның бірі - бабамыз Бұқар жырау көшесі. Зәулім ғимараттардың да тарихи мағынасы кең, келер ұрпаққа ұмытылмас мұра болып қалары сөзсіз.

Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары - Астана қаласына биыл 25 жыл толады, ендігі мақсатым – осы Елордада ары қарай мемлекетке пайдасы бар іс атқару, Отанымызға деген маңызды қызмет жасау, ұрпағымызды өсіріп, ұлағатты ғұмыр кешу.Елорданың көркейгені – елдің көркейгені, бас қаланың өскені – баршамыздың өсіп өркендегеніміз. Біздің Астанамыз – армандаған жастың үмітіне қанат бітіретін, мақсатын орындап, дегеніне жеткізетін ғажайып қала.

Ең бастысы, қазақ даласына тыныштық пен береке берсін!

Жанар Шыныбекова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?