
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жастарға арналған ғимарат
07.11.2024
Республика күні қарсаңында ауданымызда тағы бір спорт ғимараты ашылды. Бұл жолы Қызылжар ауылында салтанатты түрде ашылған спорт залында мерекеге орай қазақ күресінен жарыс өтті.
Аудандық бюджет есебінен бөлінген 116 млн теңге қаражатқа толық жөндеуден өткен бұл спорт залы былтырғы жылы қолданысқа берілген болатын. 1 жыл ішінде Ростовка ауылдық округінің әкімдігі ғимаратты толық жабдықтауға көмек беретін кәсіпкерлерді іздеген болатын. Осы ізденістің соңында ұлт ертеңі болар ұрпаққа қолдау көрсетуге «Qazaqstan halqyna» және «Batyr BOLAMYN» қоғамдық қорлары ниет білдірді. Аталған екі қордың біріккен жобасы аясында 10 млн теңге қаражатқа қызылжарлық спорт залы және Ростовка тірек мектебі толық спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Спорт залы қордан бөлінген қаражатпен спортпен шұғылдануға толығымен дайын болды десек болады. Күреске арналған төсеніштер, теннис үстелдері, күш спорты мен бокс түрлеріне арналған жабдықтармен бірге балаларға арнайы формалар да берілді. Сондай-ақ, қор мереке күніне арналып өтіп отырған жарыстың жеңімпаздарына арналған сый-сияпатты әзірлеуді өз мойындарына алды.
Қызылжарлықтарды құттықтауға аудан әкімі Ерлан Құсайын, облыстық мәслихат депутаты Айтбай Жұмағұлов, «Batyr BOLAMYN» қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы, «Batyr BOLAMYN» қорының негізін қалаушылар Уахап Асыл Балкенұлы, Уахап Арман Балкенұлы, журналист Абай Сейфулла, бокстан спорт шебері, спорт жанашыры, жаттықтырушы Мұхит Амантай, блогер, спорт жанашыры, «Batyr BOLAMYN» қорының амбассадоры Нұрдәулет Бектұрсын NNN арнайы келді.
Аудан басшысы Ерлан Құсайын құттықтау сөз сөйлеп, ашылу салтанаты мен Республика күніне орай өткізіліп отырған жарыстың қатысушыларына сәттілік тіледі.
Қызылжарлық тұрғындарды қуанышқа бөлеген спорт залының алғашқы жарысы қазақ күресінен өтті. 60 кг және 60 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде өткен жарысқа Ростовка, Жаңаталап, Қызылжар ауылдарының 50-ге тарта балуаны қатысты.
Үздік өнер көрсеткен балуандар Қызылжар ауылы жауырыны жер иіскемеген мықты жігіттерімен беделді екендігін дәлелдеді. Соның бір көрінісі - осы ауылдан шыққан чемпиондар аралас жекпе-жектен әлем және Қазақстан чемпионатының жүлдегері, халықаралық спорт шебері Ислам Амангелді мен қоян-қолтық ұрыстан халықаралық чемпионаттардың жүлдегері, ережесіз жекпе-жекте спорт шеберіне кандидат Сәкен Халидолда жерлестерінің қуанышын бөлісуге арнайы келіп, қатысушыларға қолдауларын білдірді.
Спорт залының ашылуы жергілікті балалардың қазақша күрес, бокс сынды, тағы да басқа үйірмелерге тұрақты қатысуға мүмкіндік сыйлап отыр.
- Спорт залы жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу, оларды спортқа баулу мақсатымен ашылып отыр. Спорт залы әзірге әкімдік балансында. Жақында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына өтетін болады. Сондай-ақ әзірге спорт залында арнайы штат жоқ. Жергілікті мектептегі дене шынықтыру пәнінің ұстазына жүктеп қойдық. Қазіргі уақытта қазақ күресінен 1 үйірме жұмыс жасап тұр. Оған 20-дан аса бала қатысып отыр. Спорт залының ашылу салтанатында Республика күніне арналған жарыстың сый-сияпатын толығымен «Qazaqstan halqyna» және «Batyr BOLAMYN» қоғамдық қорлары көтерсе, Киров атындағы ӨК ЖШС мен Агрохолдинг «Береке» ЖШС, ауыл азаматтары ашылу салтанатын ұйымдастыруға өз қолдауларын көрсетті. Ел игілігіне ұсынылып отырған мекемеден ұлтының атын асқақ етер чемпиондар шығарына сенемін, - деді Ростовка ауылдық округінің әкімі Төлеген Ргебаев.
Толық жабдықталған зал қызылжарлық спортшыларымыздың жаттығуларын әртараптандыруға, балалардың бос уақытты тиімді әрі пайдалы етіп өткізуіне көмектесіп, жігерлі жастарымыздың жаңа белестерді бағындыруға жол ашарына сенеміз.