
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Баспана кілттері тапсырылды
30.10.2024
23 қазанда ауданымызға қарасты Үміткер және Жаңақала ауылдарында кезекте тұрған әлеуметтк осал топ санатындағы отбасыларға жалдамалы үйлердің кілттері тапсырылды.
Алдымызда Республика күні келе жатыр. Осы мерейлі күннің қарсаңында ауданымыздың бірнеше отбасы ерекше қуанышқа ие болғанын атап өткен орынды болар.
Таң ертемен Үміткер ауылына жол тарттық. Бұл күн сіркіреген жауынымен, ызғарлы желімен келді. Алайда, күннің бұзылуы үміткерліктердің қуанышына кедергі келтіре қоймады. Орталық көшеде орын алған екі пәтерлі үйлердің жанында машиналар қаз-қатар тізіліп, көп ұзамай Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын, аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли, тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Искакова келді.
- Сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасайық, ең айшықты мерекеде ауыл азаматтарымен амандасайық деп ауылдарыңызға келдік. Ауыл - әрбіріміздің ат байлар қазығымыз. Баспана - әрбір отбасы үшін ең үлкен мәселе. Іші жанға, сырты малға толсын. Жастарымыз аман болсын. Бәріміз де ауылдан шықтық, ауылдың ала шаңында асыр салып өстік. Қазіргі таңда ауылдарда Мемлекет басшысының ықпалымен көптеген жақсылықтар жүзеге асып жатыр - фельдшерлік-акушерлік пункттер, спорт кешендері, мектептер, мәдениет ошақтары, жер жерден тұрғын үйлер салынып жатыр. Үлкендердің алдында басымызды иеміз, бәріңізге алғыс айтамыз. Республика күні – Тәуелсіздік алған күн, арман күн, қазақ халқы небір қиыншылықтарды басынан өткізді, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен күндер болды. Ел іргесі бүтін болсын, мерекеміз құтты, алған баспаналарыңыз жылы, жайлы болып, осы үйлерде балаларыңыз үлкен азаматтар болып өсіп, өздеріңізді қуантуға жазсын. Қабақтарыңыз түспесін, мереке көп болсын, құтты болсын, - деген ақ тілектерін жеткізді ауданымыздың басшысы Ерлан Бейсенбайұлы.
Сонымен, ауылдың тұрғындары Владимир Путятин, Сейсенбек Шохшин, Ерлан Қазыбеков, Нұрсәуле Нұртазина, Айтжан Айнашева, Айнұр Әбілғазина баспаналардың кілттерін аудан әкімінің қолынан алып, оларға мердігерлер мен аудан әкімдігінің тарапынан сыйлықтар тапсырылды.
Ауылдың маңы дүбірге толы. Жаңа үйлердің ауласынан музыка әуені шарықтап, жиналғандардың барлығының көңіл-күйлерін көтерді. Осында келген тұрғындар бір-бірін жаңа баспанамен құттықтап, шашу шашып, тойдың ажарын кіргізді. Үлкен де, кіші де шашу жинап, балалар оларды ауыздарына жөнелтіп, ерекше қуанғанының куәсі болдық. Биші қыздар мың бұрала би билеп, көңілдерді көкке шарықтатты.
- Қайырлы күн, ауыл тұрғындары, ақ сақалды аталар, ақ жаулықты әжелер. Осыдан он жыл бұрын ауылда су мәселесі көтерілетін, жарық жиі сөнетін. Үміткер ауылында «Таза су» бағдарламасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асты, ауыл азаматтары мен кәсіпкерлерінің көмегімен мешіт үйі салынып жатыр, аяқталуға жақын қалды. Көшелер асфальтталды, бүгін көп балалы отбасыларға мына жаңа баспаналар тапсырылып жатыр. Ауылының, елі мен жұртының амандығын тілеп отырған үлкендеріміз аман болсын, сіздерге ұзақ ғұмыр тілеймін. Үйлеріңіздің іші шаттықа толы, жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! - деді Асхат Сағадиұлы.
Ауыл тұрғындарының атынан Әбілғазин Қайыр аға тебіренді.
- Үй иелері, үйлерің құтты болсын, амандық болсын, қайырлы қоныс болсын, бақытты болыңдар, іші жанға, қораларың малға толсын, - деді.
Ауыл тұрғыны Жұлдыз Талғатбекқызы:
- Мереке қарсаңында алған үйлеріміз құтты үй болсын, ауылымыз әрқашан көркейе берсін, барша үй иелеріне шаттық, қуаныш тілеймін, - деп өзінің алғыс сезімін білдірді.
Ауылдың күміс көмей әншісі Майра Ысқаққызы әуелете ән салып, жиналғандардың көзайымына айналды, көңіл-күйін көтерді.
Осы күні Жаңақала ауылының екі отбасы да жаңа пәтердің кілттеріне ие болды.
Жаңа баспана иелерінің үйлеріне шаттық пен бақыт қоныстансын! Мереке құтты болсын!
Қ.Ахметова