
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Кернейдегі жол салу жұмыстары
29.07.2024
Бұқар жырау ауданының барлық жолы 1546 шақырымды құрайды. Осы уақытта 92 шақырымнан артық жол жөнделген екен. Бірнеше жыл қатарынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көптеген ауылдарда жолдар асфальтталып жатыр.
Осындай қуанышты жағдай Керней ауылында да орын алып жатыр екен. Ауыл ішіндегі 13 шақырым жолды құрайтын 11 көшенің жолдары асфальтталуда. «Rais KZ» ЖШС сонымен бірге осы көшелерге он екі су өткізгіш құбыр салып, бір көпірді қоса жөндемекші.
Біз ауылдық округ әкімі Ерхан Есентаевты әңгімеге тарқан едік:
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан осы жұмыстарға тапсырыс беруші – «Бұқар жырау ауданының автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі, коммуналды шаруашылық бөлімі» ММ. Жол салу жұмыстары келесі жылға өтпелі, үш жыл қатарынан атқарылатын болады. Былтыр, 2023 жылы жеті көшеге асфальт төселген болатын. Су өткізу құбырлары орнатылып, жолдардың негізі жасалып, қырылып, кейбір жерге 15 см, кей жерге одан да жоғары көлемде тастар төселіп, жол тегістелді. Жөндеу жұмыстарында 15 адам жұмыс атқарды. Былтырғы жылы ауылымыздың 4 азаматы осы жұмыстарға қатысты, отбасына табысын кіргізді. Биылғы жылы да негізгі жұмыстар жүргенде, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Осы жұмыстарды атқару үшін 485 миллион қаражат бөлінген. Сонымен бірге ауылымызға кіре беріс жолға 19 жарық беру бағаналары орнатылды. Бүгінде толығымен іске қосылып, ауыл көшесін жарыққа бөлеп тұр, - дейді.
Бүгінгі таңда ауданымызға қарасты көптеген елді мекендерде жарық бағаналары қойылып, жолдар жөнделуде. Тозығы жеткен ойқыш-ойқыш жолдарда апатты жағдайлар орын алып жататыны бәрімізге мәлім.
Ел жағдайын жолдың жағдайынан білуге болады. Жолы тегіс болса, ауыл адамының ісі де өрге басады. Баратын жеріне ренжімей барып, ойына алған жұмысын бітіріп келеді. Жолың ойқы-шойқы болса, көлігің де істен шығып, апара жатқан жүгің де бүлініп, реніш әкеледі.
Республикамыз бойынша кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл жұмыстардың басы-қасында жүрген адамдар жұмыстың сапасын қатаң қадағалаулары тиіс. Жолдарды төсеу жұмыстары аяқталған соң атқарылған жұмыстарға үш жыл кепілдік беріледі. Осы уақытта жолдар бүлінсе, мердігер оны келіп, жөндеп отыратын болады.
Қ.Ахметова