taza-kaz

Полиция қызметкерлерінің арасындағы спартакиада

29.07.2017

Ел тыныштығын көзінің қарашығындай сақтап, халқының құқығын қорғаған полиция қызметкерлерінің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиада биылғы жылы кентімізде өтті. Екі күнге жалғасқан спартакиадаға 9 аудандық, 1 қалалық командалар қатысып, үздіктер анықталды.

Таңғы салқынмен «Сары-Арқа» спорт кешенінің алдына жиналған ішкі істер саласының қызметкерлері бұл жолы әскери киім үлгісінде емес, спорттық киімдер киіп,сапқа тұрды.

Спартакиада әнұранмен ашылып, Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі А.Ынтықбаев сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Абай, Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаровка, Бұқар жырау, Шет, Нұра, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал қаласынан жиналған әр командада 6 адамнан 4 спорт түрінен жарысқа түсті.

Ең алғаш мылтық атудан сынға түскен ішкі істер саласының қызметкерлері алаңқайды қызу тартыс ордасына айналдырып, өз шапшаңдықтарын көрсетті. Сөйтіп, бірінші кезеңнің жүлдесі қоржынға түсті. Қаражал қаласынан Ж.Әбенов 1 орынды, Осакаровка ауданының қызметкері Д.Ғалым 2 орынды, Шет ауданынан келген Д.Сәрсенбай 3 орынды қанжығаларына байлады.

Бұл кезең бойынша команда аралық есепте қаражалдықтар 1 орынды, Шеттің жігіттері 2 орынды, Бұқар жырау ауданы 3 орынды иеленді.

400 метрге жүгіруден жарысқа түскен сақшылар арасында шаңын көрсетіп, оза шапқан шабандоздар ішінде 5 минут 17 секунд аралығында қаражалдықтар жүлделі 1 орында болса, 5 минут 19 секунд уақыт аралығында Шет ауданы ішкі істер саласының қызметкерлері 2 орынды, 5 минут 25 секунд уақыт ішінде жеткен Нұра ауданынан келген жүйріктер 3 орынға ие болды.

Жүгіруден эстафетаны аяқтаған сақшылар келесі кезең - турникке тартылуда алдарына жан салмады. 27 рет тартылып, алдыңғы қатарға озып шыққан ботақаралық А.Сейітпеков болса, 26 рет тартылып, 2 орынға Осакаровка ауданынан Д.Ғалым ие болды. 26 рет тартылып, 3 орынға ақтоғайлық жігіт С.Башанақов шықты. Турникке тартылудан командалық есеп бойынша 102 ұпаймен Бұқар жырау ауданы үздік 1 орынды, 99 ұпаймен Шет ауданы 2 орынды, 98 ұпаймен Нұра ауданы 3 орынға орнықты.

Әр командадан 5 ойыншыдан қатысқан шағын футболда Шет ауданы 1-ші, Жаңаарқа ауданы 2-ші, Қаражал қаласы 3 орынға ие болды.

Барлық сайыстардан сүрінбей келе жатқан үздіктер арқан тарту сайысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Ұлытаулық сақшылар бұл жолы 1 орынға шықса, жаңаарқалық жігіттер 2 орынды, Қаражал қаласының командасы 3 орынды бағындырды.

Сайысқа қатысқан 6 адамның ішінен бір адам жеке «қой көтеру» кезеңіне дайындалып келген. Бұл кезеңнің ережесі бойынша қойды арқасына салып 2 минут ішінде көтерген палуан қанжығасына жүлделі орын мен бірге қойды да байлайды. Сонымен бұл сыннан сүрінбей үздік өнер көрсетіп, 2 минут ішінде 60 рет көтерген ұлытаулық Қ.Махмут жеңіске жетсе, қарқаралылық Құмар Шаймерден 57 рет көтеріп, 2 орынды бағындырды, ал өзіміздің ботақаралық Ж.Ақылбеков 3 орынға ие болды.

Жарыстың көрігі қыза бастаған сайын қарсыластар арасынан оза шапқандар алға шықты. Әр қатысушы жарыс соңында ерекше үмітпен сайыс қорытындысын күтті. Шет ауданының командасы 1орынды, Қаражал қаласының сақшылары 2 орынды, өзіміздің ауданымыздан шыққан команда 3 орынды иеленіп, үздік шыққан қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, кубок, медаль, футболкалар табысталды.

Тартысты спартакиаданың басы-қасында жүріп, ұйымдастырған Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті арнайы дайындық басқармасының бөлімше басшысы, подполковник Е.Жанпеисов:

- Спартакиадаға қатысқан 10 команда да үздік өнер көрсетіп, ең жақсылары алға сытылып шықты деп ойлаймын. Әр ойында дайындық барысы көрініп тұрды. Бұндай тартысты сайыстар ел қорғау үшін қызмет жасап жүрген сақшыларымызға денелерін шынықтыруға таптыртпас мүмкіндік,- деді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік болып алға шыққан Шет ауданының командасы өз көңіл-күйлерімен бөлісті.

- Жыл сайын өткізіліп отыратын спартакиада біздерді денемізді шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстануға бастайды. Жарысқа қатысардың алдында жұмыс уақытынан бөлек дайындалып, соның жемісін көрдік деп ойлаймын. Сайыс барысында былтырғы жеңіпаздар - Осакаровка, Бұқар жырау ауданының командалары бұл ойында да үздік өнер көрсетіп, мықты бәсекелес команда бола білді, - деді Шет аудандық ішкі істер саласының қызметкері Ж.Төлеукенов.

«Шыныққан шымыр болады» дегендей, жыл сайынғы дәстүрге айналған спартакиада ойындары денсаулықты жақсартумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, намысты қолдан бермеймін деген сақшы жігіттеріміздің білек күшін сынады.

Тартысты ойындар соңында ауданымызда өтетін спорттық жарыстарына кентіміздің тұрғындары көрермендік қолпаш жасаса ғой деп ойладық. Себебі, спартакиаданың ашылу салтанатында спорт кешені мүлдем бос тұрған еді.

Б.Аңсарова

Д.Торжановтың суреттерінде: спартакиададан көрініс.Полиция қызметкерлерінің арасындағы спартакиада

Д.Торжановтың суреттерінде: спартакиададан көрініс.

Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?