taza-kaz

Жас футболшылар додасы


18.09.2026

Доскей ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп алаңында 2014–2015 жылы туған балалар арасында футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Спорттық шара оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, футболға қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Аяқ доп додасына 8 командадан 120-дан астам жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс командалардың топтық кезеңдегі бәсекесімен басталып, үздік нәтиже көрсеткендер арасындағы «Алтын лига», «Күміс лига» ойындарымен жалғасты. Жас футболшылар алаңда ептілік пен шапшаңдық танытып, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Тартысты ойындардың нәтижесінде «Алтын лигада» Доскей ауылының құрамасы 1-орынды иеленді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Ботақара» командасы 2-орынды, Абай қаласынан келген «Тұран» командасы 3-орынды жеңіп алды.

Күміс лигада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушыларынан құралған команда 1-орынды жеңіп алса, Ғ.Мұстафин кентінің «СК АРЛАН» командасы 2-орынға, Майқұдықтың «FC Jas Batyr» командасы 3-орынға тұрақтады.

Жарысқа төрешілік еткен Қарағанды облысының футболдан аға жаттықтырушысы Саид Ахметов жас спортшылардың дайындығына оң бағасын берді.

– Ойын күні ауа-райы да қолайлы болды. Балалардың дайындық деңгейі жоғары екені алаңдағы ойындардан анық байқалды. Командалар арасында тартыс жақсы өтті. Мұндай жарыстар жас футболшылардың тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауына үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы – балалардың спортқа деген қызығушылығы жоғары, – дейді Саид Ахметов.

Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, жас спортшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар алаңда өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнады. Ал жарыс спорттың балаларды біріктіретін маңызды күш екенін тағы бір мәрте көрсеткендей болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық спорт бөлімінің атынан медаль, грамота және кубоктар табысталды.

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?