taza-kaz

Достықты нығайтқан дода


18.09.2026

Өткен жексенбіде елімізде Отбасы күні аталып өтті. Осы мерейлі мерекеге орай Құрама ауылында ауыл азаматтары арасында шағын футболдан тартысты турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ағайын-туыс арасындағы байланысты жақындастыру, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа баулу.

Ауылдағы футбол алаңында өткен жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Мерекеге орай ауылға жиналған азаматтар отбасыларымен бірге спорттық шараның көркін қыздырды. Әкелер алаңда өзара шеберлік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетсе, отбасы мүшелері сырттан қолдау білдіріп, жанкүйер болды. Осылайша спорттық сайыс ауыл тұрғындарын ортақ қуанышқа біріктірді.

Жарыс қорытындысы бойынша 1994–1997 жылы туған азаматтардан құралған команда 1-орынды иеленді. 1983-1991 жылы туған азаматтар 2-орынға, ал 2007–2009 жылы туған жастар құрамасы 3-орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медальдар және мадақтамалар табысталды.

Осындай спорттық шаралар отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізіп, бір-біріне қолдау көрсетуіне ғана емес, ауыл азаматтарының өзара ынтымағын арттыруға да жол ашады. Отбасы мерекесінің спортпен сабақтасуы – салауатты әрі ұйымшыл ұрпақ тәрбиелеудің жақсы үлгісі деп білеміз.

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?