Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Ұлы дала рухын асқақтатқан мерген
10.09.2026
Қ.Сәтбаев қаласында ересектер және 2009–2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында асық атудан өткен «Ұлы дала рухы» облыстық ашық турнирінде бұқаржыраулық мерген Ержан Солтан чемпион атанды.
Үш күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінефн 200-ге жуық спортшы қатысып, асық ату және бес асық спорт түрлерінен бақ сынады. Жарысқа Астана, Шымкент қалалары, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының спортшылары қатысты.
Ересектер арасында 128 асықшы бақ сынап, ұлттық спорттың мықтылары өзара шеберліктерін саралады. Додада Қазақстанның тұңғыш чемпиондары, Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары, Әлем кубогінің иегерлері мен Азия чемпиондары өнер көрсетті. Сонымен қатар, 24 спорт шебері және 40-тан астам спорт шеберлігіне үміткер жарыс көрігін қыздырды.
Мергендігі мен шеберлігін дәлелдеген Ержан Солтан финалдық бәсекеде Ақтөбе облысының өкілі, асық атудан алғаш рет ұйымдастырылған командалық Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы Нұрбол Заманмен тартысты ойын өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз «Ұлы дала рухы» облыстық ашық турнирінің чемпионы атанып, ауданымыздың ғана емес, Қарағанды облысының да мерейін үстем етті.
– Солтан Ержан үш жылдан бері «Арлан» спорт клубында асық атудан тұрақты түрде жаттығып келеді. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер шәкірттерімнің бірі. Ол 2026 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ал 2027 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін болады, – дейді жаттықтырушысы Айдар Қабыкенов.
Ұлттық спорт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ата дәстүріміздің айнымас бөлшегі. Осындай жарыстарда топ жарып жүрген жас спортшылар ұлттық ойындарымыздың мерейін асырып қана қоймай, оның дамуына, кеңінен насихатталуына және кейінгі буынға дәріптелуіне зор үлес қосып келеді. Ержанның бұл жеңісі – тынымсыз еңбектің нәтижесі ғана емес, ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік пен табандылықтың жарқын көрінісі.
Солтан Ержан мен жаттықтырушысы Айдар Қабыкеновті жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарына сәттілік, мықты денсаулық, толағай табыс тілейміз. Әрбір атқан асығы нысанаға дәл тиіп, ұлттық спорттың көкжиегін кеңейте берсін!
Б.Жакешова





