Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Әлем чемпионатынан – күміс жүлде!
17.08.2026
Бұқар жырау ауданының спортшысы Ажар Салықова халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Әлемнің үздік спортшылары бас қосқан дүбірлі додада Ажар Салықова өзінің спорттық дайындығы мен шеберлігін көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Байрақты дода Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында орналасқан заманауи спорттық аренасында өтті. Халықаралық турнирге әлемнің 36 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.
Осы дүбірлі додада Бұқар жырау ауданының спортшысы Ажар Салықова әлемдік аренада ел намысын қорғады. Жерлесіміз жарыс жолында лайықты өнер көрсетіп, нәтижесінде джиу-джитсу спортынан ІІ орынға ие болып, әлем чемпионатының күміс медалін еншіледі.
Спорттағы әрбір жеңістің артында күнделікті жаттығу, тәртіп, төзім мен тынымсыз еңбек тұрады. Ажардың бұл жетістігі де – өзіне деген сенімі мен спортқа деген табандылығының нәтижесі. Ал күміс жүлде – спортшының ұзақ жылғы еңбегі мен табандылығының жемісі. Халықаралық деңгейдегі жарыста ауданымыздың атын танытып, ел қоржынына жүлде салған Ажардың бұл жетістігі жерлестері үшін зор мақтаныш.
Жерлес спортшының халықаралық деңгейдегі додадан жүлдемен оралуы – аудан спорты үшін де үлкен жетістік. Оның жеңісі жас спортшыларға жігер беріп, әлем төрінде ел намысын қорғауға ұмтылған өрендерге үлгі болары сөзсіз.
Бір кездері «Сарыарқа» стадионында өтіп жатқан күрес жаттығуына қызығушылық танытып, секцияға жазылған Ажар бүгін спортта өз жолын қалыптастырып, табандылығы мен еңбекқорлығын қатар алып келе жатқан спортшы. Ол «күрес қыз балаға жараспайды» деген түсінікті өз еңбегімен жоққа шығарып, қайсарлықтың, жігердің және жеңіске деген ұмтылыстың шегі болмайтынын көрсетті. Бүгінде оның спорттағы жолы – өзіне сеніп, таңдаған жолынан таймай келе жатқан жас спортшыларға үлгі.
Ажар Салықованы жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жеңісті белестерді бағындырып, көк Туымызды биіктерде желбірете беруіне тілектеспіз!
Б.Жакешова





