Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Биіктерге ұмтылған спортшылар
03.08.2026
Ботақара кентіндегі «Арлан» спорт клубында киокушенкай каратэ үйірмесі 2025 жылдың ақпан айында ашылды. Жаттықтырушы, ұстаз Ерлан Еркінұлы Оңдасынов аудан тұрғындарына хабарлама жасап, осы үйірмеге 60-қа жуық шәкірттер жазылыпты. Бүгінде шеберліктерін шыңдап жүрген 55 спортшы бар екен.
Киокушенкай каратэ – әлемдегі ең танымал және ең күрделі жекпе-жек өнерлерінің бірі. Киокушенкай каратэ тек қана өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретіп қоймай, адамның рухани және физикалық дамуына көңіл бөледі. Жаттығулар барысында спортшылар төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік және тәртіп сияқты қасиеттерді дамытады. Сонымен қатар спорттың бұл түрі адамды сабырлы болуға және қарсыласына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Қазіргі таңда киокушенкай каратэ әлемнің көптеген елдерінде кеңінен дамып келеді. Қазақстанда бұл спорт түрімен айналысатын спортшылар жыл сайын артып, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде.
Киокушенкай каратэ – адамның денсаулығын нығайтып, мінезін шыңдайтын, ерік-жігерін арттыратын және өмірлік маңызды қасиеттерді қалыптастыратын жекпе-жек өнері. Сондықтан бұл спорт түрі балаларға өте пайдалы.
- Үйірмеге келіп жүрген балалардың бәрін жаттықтырамын. Ауданымыздың балаларын дамытуға, бос уақытта шеберліктерін шыңдауға, зиянды әдеттерден аулақ жүруге спорттың кез келген түрі өзінің әсерін тигізеді. Осы бір жарым жылда шәкірттерім көптеген жақсы нәтижелер көрсетті. Қандай да жарыстардан жақсы көрсеткіштермен келетін он бес шақты бала екенін атап өту керек, - дейді Ерлан Еркінұлы бізбен әңгімесінде.
Каратэ - Жапонияда қалыптасқан жекпе-жек өнері. Ол «бос қол» спорты деп аталады Мұнда адам өз денесінің мүмкіндігін, жылдамдығын пайдаланады. Тұрақты түрде жаттығуларға қатысып, барған жерінен жүлдемен қайтып жүрген шәкірттердің үйірмеге келуге ынтасы жоғары.
Спорт деген бір әлем екенін ескерсек, мұнда балалар бір-бірімен дос болады, жаттығулардан тыс уақыттарда да бірге жүреді, өзенге түсіп, күнге қыздырынады.Үлкенді сыйлауға, кшіге қамқор болуға үйренеді. Ата-анаға жанашырлықты осы спорттан үйренеді. Себебі, ол жерде жаттықтырушы осының барлығын балалардың бойларына сіңіреді, шәкірттері үшін жаттықтырушы ағасына айналады
Оқу жылы түрлі жарыстармен ерекше болды. Қарағанды қаласындағы стадионда, Күнгейде, түрлі мектептерде, Астанада, жуырда Балқаш қаласында үлкен жарыстар өтті. Жыл бойына шәкірт дайындап жүрген ұстаз бірнеше спортшыны іріктеп, осы жарыстарға апарып жүрді.
Өткен аптада Балқаш қаласында киокушенкай каратэден өткен жарыста төрт жас каратэші өз өнерлерін көрсетті.
- Балқаш қаласындағы жарыста Седа Смаилова, Айлин Макеева, Нелли Абаханова үмітімізді ақтап, чемпиондар қатарынан көрінді. Былтырғы жылы осы қаладағы жарыста үшінші орын алған Мұрат Раян бірінші орын биігінен көрінді, - дейді Ерлан Еркінұлы.
Қорытындылай келе, киокушенкай каратэ – тек жекпе-жек өнері емес, ол адамның денесін шынықтыратын, мінезін қалыптастыратын өмірлік мектеп. Ол спортшыларды тәртіпке, батылдыққа, төзімділікке және өзіне сенімділікке тәрбиелейді. Осы қасиеттердің арқасында киокушенкай каратэмен айналысатын адамдар салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі қиындықтарды жеңуге үйретеді. Бұл спорт сонымен маңызды.
Қ.Ахметова





