Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Бокстан жеңімпаз болып келді
03.08.2026
Бокс - ежелгі дәуірден бері дамып келе жатқан спорт түрі. Спорттың бұл түрі адамның физикалық және психологиялық төзімділігін сынайды, сонымен бірге шапшаңдық пен дәлдікті талап етеді. Бұл спорт Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.
Ауданымызда түрлі спорт жақсы дамып келеді. Жыл бойында көптеген оқушылар өзіне ұнаған спорт түрімен шұғылданып, өзі тұратын ауылы мен ауданымызға абырой әкеледі. Ауданымызға қарасты Ақбел ауылында ұлдар мен қыздар арасында бокс спорты қарқынды дамуда. Боксшылар әр түрлі жарыстарға қатысып, үнемі шыңдалуда.
2026 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Аршалы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті.
Осы жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Моңғолия, Армения, Чехия, Словакия, Грузия және басқа да мемлекеттерден келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған додада Ақбел ауылының жас боксшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда 40 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Саягүл Тайғожина (2012 жылы туған) күміс жүлдені жеңіп алса, Айзере Берік (2013 жылғы) те турнирдың күміс жүлдегері атанды.
Жас спортшылар халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, өздерінің шеберлігі мен табандылығын дәлелдеді. Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі.
Ақбелдік жеңімпаздарымызға денсаулық, шыдамдылық пен табандылық тілейміз.
Қ.Ахметова





