Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Төрт мәрте «Сарыарқа Барысы» атанған Ерқанат
26.06.2026
Балқаш қаласында ересектер арасында қазақ күресінен өткен «Сарыарқа Барысы» облыстық іріктеу турнирінде ауданымыздың балуандары жоғары шеберлік танытып, туған жердің мерейін үстем етті.
Дүбірлі додада ауданымыздың мақтанышы Ерқанат Молдағұлов боз кілемде қарсылас шақ келтірмей, барлық белдесуін сенімді жеңіспен аяқтап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ол турнирдің түйе балуаны атанып, «Сарыарқа Барысының» арнайы белбеуін иеленумен қатар, 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа қол жеткізді.
Ерқанат Молдағұлов «Сарыарқа Барысы» турниріне бесінші рет қатысып, соның төртеуінде арнайы белбеу иегері атанып отыр. Енді ол қазан айында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде облыс намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, 82 келі салмақ дәрежесінде белдескен Қазбек Қабдығаниев чемпион атанып, 1-орынға ие болды. 74 келіде сынға түскен Манарбек Құрманов күміс жүлдені қанжығалап, 2-орыннан көрінді. Ал 55 келі салмақта өнер көрсеткен Айбар Олжабай мен Әлім Шәкәрім қола жүлдеге қол жеткізіп, үздіктер қатарынан табылды.
Жеңістің артында тынымсыз еңбек пен табанды дайындық тұратыны белгілі. Сондықтан балуандарымыздың табысына өлшеусіз үлес қосқан бапкерлер – Абай Үмітбаев, Ерұлан Сағитов және Сағыныш Сарсенбаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Олардың кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің арқасында спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтеріліп келеді.
Аудан спортшыларының жарқын жеңісі – барша жерлестеріміз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Жеңімпаз балуандар мен бапкерлерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз! Ал республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде ел намысын арқалайтын Ерқанат Молдағұловқа сәттілік серік болып, жеңіс жолы ашық болсын дейміз.
Б.Жакешова





