taza-kaz

Жерлесімізден тағы бір жеңіс


18.06.2026

Ақтау қаласында спорттық самбодан кадеттер мен спорт шеберлері арасында өткен Азия және Океания чемпионатында жерлесіміз Мадияр Жоңқабаев жүлдегерлер қатарынан көрініп, жеңіс тұғырына көтерілді.

64 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшымыз жоғары шеберлік пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесін көрсетті. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолия елдерінен келген кіл мықтылар арасында бақ сынаған Мадияр Төлегенұлы төрт белдесу өткізіп, чемпионат қорытындысы бойынша қола жүлдені иеленді. Осылайша ол аудан намысын ғана емес, Қарағанды облысының мерейін де үстем етті.

Жеңісінің ізін суытпай, Астана қаласында дзюдодан өткен халықаралық ашық турнирге қатысқан Мадияр Төлегенұлы 60 келі салмақ дәрежесінде тағы да табысты өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

– Жаттығу мен дайындықты үздіксіз жалғастырып жатырмыз. Алдағы мақсатым – желтоқсан айында Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтетін Әлем Чемпионатына қатысып, ел намысын абыроймен қорғау, – дейді Мадияр Жоңқабаев.

Жерлесіміз Мадияр Жоңқабаевты және оның жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – табанды еңбектің, тынымсыз ізденістің және спортқа деген адалдықтың жемісі. Алдағы әлем чемпионатында да жоғары нәтиже көрсетіп, көк Туымызды халықаралық аренада асқақтата беруіне тілектеспіз. Жеңістеріңіз көп болсын!

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?