Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Жас былғары қолғап шеберлері бақ сынады
11.06.2026
Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ботақара кентінде 28–30 мамыр аралығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық біріншілік өтті.
Дәстүрлі жарысқа Қарағанды қаласындағы «С.Сәпиев атындағы бокс орталығы», «GGG» спорт кешені, «Cobra» спорт клубы, «Sabr» бокс клубы, Теміртау қаласының «Ring» спорт клубы, сондай-ақ Шет ауданының Ағадыр кентінен, Баянауыл ауданының М.Шорманұлы ауылынан және Бұқар жырау ауданының Үштөбе, Ғ. Мұстафин, Ақбел, Бұқар жырау, Петровка ауылдарынан келген барлығы 250 жас былғары қолғап шебері қатысты.
Ашық біріншіліктің ашылу салтанатында Ботақара кентінің әкімі Асқар Қожахметұлы Отыншиев, Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Дмитриевич Цыганков және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серғазы Кенжебергенұлы Бакеев сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
Үш күнге созылған жарыс барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты жекпе-жектер өткізді. Турнирдің негізгі мақсаты – жас боксшылардың шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және бұқаралық спортты дамыту болды. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды – Ботақара кентінің «Арлан» спорт кешені қанжығалады. Бапкері –Арман Ғалымұлы Шалғынбаев. ІІ орынды – С. Сәпиев атындағы бокс орталығы иеленді. Бапкері – Елеуов Азамат Саматұлы. ІІІ орынға – GGG спорт кешен қол жеткізді. Бапкері – Ғарифулла Дулатұлы Нұрғалиев. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Аталған турнир жас спортшылардың боксқа деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақтағы спорттық жетістіктеріне жол ашатын маңызды спорттық шаралардың бірі болды.
Ертарғын Құрашев
Ботақара кенті




