taza-kaz

Жас спортшы ұлдарымыздың жеңісі


06.05.2026

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен, 5-6 сынып оқушылары арасында 2026 жылдың 30 наурыз -3 сәуір аралығында Қарағанды қаласында баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасы» бойынша облыстық жарыс кезеңі өткізілген еді. Оған Бұқар жырау ауданының намысын қорғауға шыққан Березняк ЖББМ-нің 5-6 сынып оқушыларының, ұлдар командасы облыстық мектеп лигасында баскетболдан өткен жарысқа қатысып І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алып, мамыр айында республикалық жарысқа барады.

Бұл жеңіс — табандылықтың, қажырлы еңбектің және мықты командалық рухтың жарқын дәлелі.

Ұлдарымыз нағыз жеңімпаз команда екенін дәлелдеді. Осындай жетістік - тек спорттағы жеңіс емес, бұл сенімнің, тәртіптің және үздіксіз еңбектің нәтижесі.

Үздік әрі табанды ойыншы ұлдарымыздың қатарында Айбек Нұрдәулет, Солтанбек Ануар, Башир Бағлан, Байсолтан Асхат, Жаңбырбай Ахмедияр, Мейремхан Жанарыс, Әбдіхан Иса, Шутаяков Жанболат бар.

Аз уақыт ішінде, бір-екі жылдың көлемінде осы ұлдар командасы түрлі аудандық жарыстарға қатысып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Осы жетістіктерге жетуге жетелеп, өз білгенін шәкірттерінің бойына сіңіріп жүрген спортшы ұстаздар бар. Ол «Березняк ЖББМ»  КММ-нің дене  шынықтыру  пәні мұғалімі Талғат Қизатұлы Жұмағажиев.   

Березняк ЖББМ-де 2016 жылдан бастап жұмыс істеп, сол аралықта жаттықтырған балалары аудандық жарыстарда үстел теннисінен, волейболдан чемпион болып, облыстық жарыстарға шығып жүрді.

Осы мектепте 2021 жылдан бастап баскетбол үйірмесін ашып, жаттықтырған оқушылары аудандық жарыстарда  3-4 жыл қатарынан Бұқар жырау ауданының чемпионы болды, облыстық жарысқа шығып ұлттық мектеп лигасы жарысында 5-6 сынып чемпион атанды, республикалық ұлттық мектеп лигасы жарысы бойынша Тараз қаласындағы жарысқа қатысты. 2025 жылы облыстық ұлттық мектеп лигасында 7-8 сынып арасында жаттықтырған балалары 3 орын алды, сонымен бірге былтыр 2025 жылы «Ауыл спорты-2025» бойынша облыстық жарыста 3 орын иеленіп, өзі үздік бапкер деген номинацияға ие болды. Одан басқа, Шахтинск, Абай, Теміртау қалаларында өткен ашық турнирлерге жаттықтырған балаларын қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып жүрді.

Жеңімпаз жас спортшы ұлдарымыздың жаттықтырушысы Талғат Жұмағажиев осындай үлкен тәжірбиелі маман.

5-6 сыныптар арасындағы жеңімпаз жас спортшыларымыздың жаттықтырушысы Талғат Қизатұлының айтуынша, алдағы республикалық жарыс үлкен сын. Біз өз командамызға сенеміз.

Алдағы республикалық додада да ұлдарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың атын асқақтатып шығаратынына сенеміз. Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Оларға сәттілік, қажымас қайрат пен жаңа жеңістер тілейміз.

Д.Тұрғамбеков,

Бұқар жырау  ауданы білім бөлімінің әдіскері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?