taza-kaz

Ажардың жеңіс жолы


01.12.2025

 

Жерлес спортшымыз Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында тамаша өнер көрсетіп, ел қоржынына күміс медаль салды.

Ажар 63 келіге дейінгі салмақта күш сынасып, айналмалы жүйе бойынша өткен жекпе-жектерде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алғашқы кездесуде БАӘ спортшысы Шамма Алькальбаниге жол бергенімен, екінші жекпе-жекте Алжир өкілі Омрани Фадияны жеңді.

Жалпы есеп бойынша спортшымыз жеңіс тұғырының екінші сатысына көтеріліп, Қазақстан атын тағы бір мәрте халықаралық деңгейде асқақтатты.

Бұл жеңіс – Ажардың табанды еңбегінің, қайсар мінезінің және үздіксіз жаттығуының жемісі. Оның халықаралық додалардағы жетістігі үлкен мақтаныш әрі жастарымызға үлкен мотивация.

Батыр қызымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды биікке көтерген еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Табыстарың жалғасын тауып, жаңа жеңістерге жете бер. Бұқар елі өзіңмен мақтанады!

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?