Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Әлем чемпионатындағы қола жүлде
11.08.2025
21-29 шілде күндері Чехия мемлекеті Пардубице қаласында 21 жасқа дейінгі ұл балалар арасында өткен әлем чемпионатында тоғызқұмалақ ойынынан жерлесіміз Әділхан Төлегенов қола жүлдеге ие болып қайтты.
21 жастағы спортшымыз Әділхан Төлегенов 7-сыныптан тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, жаттықтырушысы Ерлан Құрманғалиевтің қолдауымен жоғары деңгейдегі жарыстарға шығып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. 2022 жылы Әділхан тоғызқұмалақ ойыны бойынша спорт шебері атанды. Кешегі күні тоғызқұмалақ ойынынан еш хабары жоқ бала болып, үйірме табалдырығын аттаған жас шәкірт бүгінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру факультетін аяқтап, қолына дипломын алып отыр.
Жыл басында Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-орынға ие болған Әділхан осы Чехия мемлекетінде өткен әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алған болатын. Тоғызқұмалақ ойынына қалай келгендігін жас спортшы былай деп баяндап берді:
- Менің жүрген ортам осы спортқа келуіме себепкер болды десек болады. Чехияның Әлем чемпионатында болу, жалпы қарапайым тоғызқұмалақ спортынан бұндай деңгейге көтерілу мүмкін емес еді деп ойлайтынмын. Алайда, жаттықтырушым, жетекшім Ерлан Құрманғалиевтің арқасында осындай биік белестерден көріндім. Ерлан ағай біздерді осы спортқа баулыды. Бар қыр-сырын үйретіп, меңгертті. Ол кездері қасымда үш досым бар еді. Үшеуіміз де көрші тұратынбыз. Мен, Айбек, Санжар. Әуелі арамыздан Санжар суырылып шығып, Шымкент қаласында өз жасы аралығында қола медальға қол жеткізді. Кейін Айбек екеуі облыстық жарыстардан жиірек орын ала бастады. Мен де достарымнан қалып қоймайын деген ниетпен облыстық жарыстарға қатыса бастадым. Жаңа орта, жаңа жетістіктер, жаңа белес, жаңа армандарым пайда болды. Басында 17-19-21 жас аралығындағы республикалық жарыстар мен облыстық іріктеулерден өтіп, өз бағымды сынадым. Қазақстаннан орын алу оңай емес. Өзіміздің ұлттық ойын болғаннан соң бәсеке көп. Бұл республикалық іріктеулерден өткен 1-2 нөмірлер әлемдік деңгейге шығады. Өзім осы жарысқа 5-6 рет қатысқан екенмін. Тек соңғы жылымда ғана 21 жастағы жастар арасынан Орал қаласында 1 орынға қол жеткізіппін. Нәтижесінде Чехияның Пардубице жерінде өтетін, әлемдік жолдамаға қол жеткіздім, - деді.
Аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли, Қарағанды облысы бойынша тоғызқұмалақ ойынының бас жаттықтырушысы Сәуле Қаратай, аудандық спорт бөлімінің басшысы Олег Цыганков, дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің басшысы Ерулан Сағитов, аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары Абай Үмітбаев, Ерлан Құрманғалиев бастаған спортшылар Әділханды теміржол вокзалынан сән-салтанатпен күтіп алды. Жас спортшымызды тоғызқұмалақ ойыны арқылы тапқан достары да оны қошеметпен қарсы алды.
- Чехияның Пардубице қаласында біз 10 күн болдық. Жарыс 3 күнде өте шықты. Жеке өзім ол жарысқа жақсы дайындықпен барған едім. Бірақ, қарсыластарым менен де мықты дайындалыпты. Жалпы алғанда 7 тур ойнадық. Оның 5-еуін ұтып 3-ші орынға тұрақтадым. 2 қарсыласым болды. Біреуі Қазақстанның Қызылорда қаласынан Ахметов Дамир болса, екіншісі Украина елінен Максимов Егор болды. Ең бірінші қарсыласыммен 3-турда кездесетін болдық. Ол бірінші бастайтын болды. Сонымен қызық ойынымыз 19-20 жүрісте тез бітіп қалды. Қазақстанда есе жібермеген қарсыласым осылайша өз есесін әлем чемпионатында қайтарды. Жарыстың соңғы 3-ші күні 6-турда украиналық Максимов Егормен кездестім. Ол мен ойлағандай оңай шағылатын жаңғақ болған жоқ. Одан да ұтылып шықтым, соңында 2 жүріс жетпей қалды маған. Әлгі балаға бір қызыққаным -тоғызқұмалақ ойын бастамаларын өте жақсы біледі екен. Өзгертіп көріп ұтайын деп едім, болмады. Соңғы 7-турды ұтып, 3-орынға ие болдым. Бір қуанарым -қазақтың ұлттық спорт ойыны осылайша әлемдік аренада дамып келе жатқаны. Бір сәтсіз болған жеңілістен мен қаншама нәрсені үйреніп, түсіндім. Ұлттық ойынымызды бүгінде Қырғыз елі, Монғолия, Түркия, Румыния, Чехия, Украина, Италия тіпті Кореяның өзі дәріптеп, меңгеріп жатыр. Бұл біздің көнеден келе жатқан асыл мұраны жаңа заман ағымына аманат ретінде жеткізгендігіміздің айғағы. Өсіп келе жатқан жас буынға айтарым - ұлттық ойынды меңгеріп алыңыздар. Бұқар жырау ауданына әлемдік деңгейдегі спортшылар керек, - деп Әділхан өзге мемлекетте өткен байрақты бәсеке жайлы айтып берді.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшымыз бен бапкерін шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер алдағы уақытта да аудан мерейін асырып, даңқын шығаратын дәрежеге жету жолында шеберліктеріңіз бен күштеріңізді, тәжірибелеріңізді жұмсай береді деп сенеміз. Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктеріңіз бен табыстарыңыз арта берсін!
Б.Жакешова
Суретте: Әділхан жаттықтырушысы Ерлан Құрманғалиевпен; теміржол вокзалында жүлдегерді салтанатты қарсы алу.





