taza-kaz

Спортшылар жеңісі – аудан мерейі


23.06.2025

Армения, Монғолия, Ресей, Якутия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген мықты деген былғары қолғап шеберлері қатысқан турнирде ботақаралық «Арлан» спорт клубының жалынды жігіттері жеңіс туын жібермей, үздік дәрежеде өнер көрсетті. Жеңіс тұғырынан көрінген жігіттеріміз ауданымыздың мақтанышына айналды.

Қонысбаев Арсен 1-орынды, Жүнісов Рамазан, Каримов Аян, Болатов Ильяс, Қайырбеков Ахан, Жұмабай Аңсар, Дайыржанов Темірлан, Қанат Аслан, Ғалым Ұлнұр 2-орынды, Қанат Алинұр, Аманкелді Алинұр, Акимов Макар, Хазбулатов Әлішер, Ғалым Жанәли, Қонысбаев Алан, Серікбек Нұртаза, Мирамбек Нұрислам, Мұса Нұрқаділ, Жүнісов Дінмұхамет 3-орынды қанжығалап, Астана қаласынан жеңіспен оралды.

- Бұқар жырау ауданының спорт саласы жылдан-жылға дамып, жастармыздың спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Спортшыларымыз үшін биылғы жылдың бастамасы да жақсы басталды. Жыл басынан спортшылармыз байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көтеріліп, жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл спортшыларымызбен қатар, олардың жаттықтырушыларының үлкен еңбегінің арқасында жеткен дәрежеміздің көрсеткіші деп ойлаймын, - дейді «Арлан» спорт клубының атқарушы директоры Ерұлан Сағитов.

Жас бүлдіршіндердің бұл жетістіктері үлкен спорттағы байрақты жеңістерге жасап жатқан алғашқы баспалдақтары. Осы аталған есімдер ішінде ертеңгі күні ауданымызды әлемге танытатын олимпиада мен әлем чемпиондары жүруі бек мүмкін. Жастайынан биікке ұмтылып, жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген жастарымызбен мақтанып, әр жеңістерін қуанышпен қабылдаймыз.

Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын шын жүректен жеңістерімен құттықтап, жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз.

 

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?