Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағының кепілі
10.04.2025
Өткен аптада Баймырза ауылының мәдениет үйінде кәсіпкер, ауылының өсіп-өркендеуі жолында көп еңбек сіңірген азаматы Анатолий Георгиевич Перегудті еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир өтті.
Былғары қолғап шеберлерінің додасына Тараз, Астана, Теміртау, Теміртау спорт клубы, Ақбел, Геннадий Головкин атындағы сауықтыру кешені, Баймырза, Павлодар, Баянауылдан келген командалар және «Арлан» спорттық клубы қатысты.
Ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше. Әсіресе, ауылдық жерде қолдау тапқан спорт саласы – дені сау ұрпақ тәрбиелеуде үлкен нәтижелер көрсетіп жатыр. Баймырзалық азамат, ауыл жанашыры Анатолий Перегуд жерлестеріне кәсіби спорт әлемімен танысуға мүмкіндік беріп, спортшылардың армандарына қанат бітірген жандардың бірі болған. Оның қолдауы, демеушілігінің арқасында Баймырзадан шыққан, танылған спортшылар көп.
Әр жыл сайын ауыл спортшыларын еліміздің қалаларына жазғы лагерьге жіберіп, жарыстарда демеушілігін көрсетіп отырған Анатолий Георгиевич былтырғы жылы дүние салды. Өзінің таудай болмысымен есте қалған азаматты тұрғындар әлі күнге дейін құрметпен еске алады. Осындай сыйлы, құрметті азаматты еске алуға арналған былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне жоғарыда аталған командалардан барлығы 80-ге жуық бала қатысып, 60-қа жуығы жеңіс тұғырынан көрінді.
Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен додаға Баймырза ауылдық округінің әкімі Әсел Жүнісова, спорт бөлімінің басшысы Олег Цыганков, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, Әлем, Азия чемпионы Аида Әбікеева, Анатолий Георгиевичтің жұбайы Елена Перегуд арнайы қонақ болып келіп, сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
- Баймырза ауылында бокстан клуб бар. Оған 30-ға жуық бала қатысады. Анатолий Перегудтің ауыл спортының дамуына, жалпы ауылдың өркендеуіне қосқан үлесі көп. Ол кісі спортшыларымызға боксқа арналған ринг сатып әперсе, «Батыр Болам» қоғамдық қоры жабдықтар алуға көмек көрсетті. Баймырза ауылында талапты, мықты балалар көп, - дейді аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арман Шалғынбаев.
Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте Баймырза ауылы 1-орынға ие болды. 30 кг салмақ дәрежесінде Ғалым Жанал, 26 кг салмақта Расул Мират пен Ибраһим Жалей, 46 кг салмақ дәрежесінде Шалқар Кәрібаев, 48 кг салмақта Ұлнұр Ғалым 1-орынды қанжығалады. Жеңімпаздарға белдік, кубок, мүсін, медаль, грамоталар мен ақшалай сертификаттар берілді.
- Республикалық жарысымыз өте жоғары деңгейде өтті. Жастарды қолдап, демеушілік қолдау көрсеткен аудандық спорт бөліміне, Анатолий Перегудтің отбасына, ауыл әкімі Әсел Жүнісоваға, «Нұр-СХ» ЖШС-нің басшысы Ержан Нашаровқа, ауыл азаматтарына алғыс білдіреміз, - дейді Арман Шалғынбаев.
Жарыс соңында демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге құрмет ретінде иықтарына шапан жабылып, алғыс айтылды.
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағының кепілі. Сол себепті де шеберлігі мығым, салауатты өмір салтын ұстанатын дені сау, жаны таза ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі саналады. Ауылдық жерлерде бұқаралық спорт жылдан-жылға дамып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Спортшыларымыз түрлі дәрежедегі жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Бұл бапкерлеріміздің, жаттықтырушылармыздың маңдай терлерінің жемісі. Талапты жастарымыздың спортта бағын жағып, ауданымыздың атын танытып жүрген жеткіншектерімізге жеңісті күндер тілейміз.
Б.Жакешова
Суретте: марапаттау сәттері; естелікке сурет.





