Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Мерекеге орай тазылар жарысы
17.03.2025
Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы қарсаңында Ботақара кентінде тазылар арасында шырға тарту жарысы өтті.
Астана, Көкшетау, Павлодар, Баянауыл, Балқаш, Ұлытау қалалары мен Қарқаралы, Жаңаарқа, Бұқар жырау ауданының 110-ға жуық аңшылары ұшқыр тазыларын жарысқа әкелді.
Ауданымыздың төңірегінде асыл тұқымды ит асыраушылар қатары көбеюде. Нәтижесінде өңірімізде құмай тазылар арасында түрлі жарыстар өткізу жиілеп, дәстүрге айналуда. Мұндағы мақсат – ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртумен қатар, жеті қазынаның бірі саналатын қазақ тазысының тұқымын өсіруге жастар арасында қызығушылықты арттыру, кеңінен дәріптеу болып табылады.
Жалпы ұзындығы бір километр қашықтықта өткен жарысқа 50 тазы, 500 метрлік қашықтықтағы жарысқа 60 тазы қатысты. Әр қашықтық бойынша айналымдардан оза шауып, үздік болғандар финалға шықты.
Жарыс қорытындысында бір километр қашықтықта жарысқа түскен тазылар арасында Бұқар жырау ауданының Тұман есімді тазысы 3 орынға, қарқаралылық Құмай есімді иті 2-орынға, Қарқаралының Қоянды ауылынан келген Басар тазысы 1-орынға ие болды. Ал, 500 метрлік қашықтықта үштөбелік Айқас тазы 3-орынды, Бұқар жырау ауданының атынан шыққан Айқас тазы 2-орынды, Жаңаарқадан келген Алғыр тазы 1-орынды қанжығалады. Жеңімпаздарға аудандық спорт бөлімінің атынан Алғыс хаттар мен кубок, медальдар табысталып, ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
- Бүгінгі жарысқа Бұқар жырау ауданының атынан Айқас есімді тазымды әкелген едім, бағы жанып 2-орынға ие болды. Қазіргі уақытта баптап отырған 2 тазы итім бар. Жеті қазынаның бірі саналатын асыл тұқымды тазы асырап, баптап отынғаныма 3 жылға жуық уақыт болды. Халықаралық, облыстық, аудандық деңгейдегі жарыстарға шығып, жүлделі болып жүрміз. Бұл қазақтың кенже қалған бекзат өнері ғой. Тазы баптау, оны жүгірту ісі менің бала күнгі арманым, жақсы көріп атқаратын ісім. Ұмыт болып, тіпті жойылып кетуге шақ қалған өнерді дамыту жолында әлі де қызмет ету ойымда бар, - дейді Жандос Сағындықұлы.
Аудандық спорт бөлімі жарыс өтетін аумақты қардан тазарту жұмыстарына көмек көрсетіп, қолдау танытқан Ботақара кентінің әкімдігі мен № 45 жол пайдалану басқармасына алғыс білдіреді.
Қансонарда аңға шығып, құмай тазы жүгіртіп, жыртқышқа құс салу өнері ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрдің бірі. Жойылуға шақ қалған ұлттық құндылығымызды жандандырып, асыл тұқымды иттердің түрлерін сақтап қалу жолында жергілікті жігіттеріміздің еңбегі бар екендігі шындық.
Тазы ит, қыран құс баптап өсіруші олар ұлттық құндылығымызды жандандырып қана қоймай, жастарымызға төл өнерімізді дәріптеп келеді. Саятшылық өнерін кеңінен танытып келе жатқан жерлестеріміздің еңбектерін бағалап, осы қалыптарыңыздан таймаңыздар дегіміз келеді.
Б.Жакешова





