Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Президенттен Алғыс хат
04.10.2024
Жерлесіміз, біздің мақтанышымыз Ажар Амангелдіқызы Салықова ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қазан айының 3-і күні Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады. Осы қатардан жерлесіміз Ажар Салықованың табылуы біз үшін үлкен мақтаныш. Көшпелі дала салтын ұлықтаған дүбірлі додада еліміздің намысын қорғап, төл өнеріміз – ұлттық спортымызды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған Ажар Амангелдіқызын шын жүректен жетістігімен құттықтаймыз.
Бұл Ажар Салықованың бірінші марапаты емес. Бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей спортшы қызымызды жеңісімен құттықтап, облыс әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан ақшалай сертификат табыстаған болатын.
Ажар Салықова 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірінші жарыс күнінде Кұраш күресінен күміс медальді жеңіп алған болатын.
Ауданымыздың атын елімізге ғана емес, әлемге танытып жүрген Ажар Салықованың әр жеткен жетістігі мен жеңісіне қуанып, қолдауға бармыз!
Ажар, сізді тағы да марапатыңызбен құттықтаймыз!
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!





