Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Ботақаралық мерген қыздар
12.07.2024
Өскемен қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арсындағы 3-ші Қазақстан Республикасының чемпионатында ботақаралық қос мерген қызымыз Кәусар Байжанова мен Айым Байжанова жүлдегер атанып қайтты.
Шілде айының 3-і мен 7-сі аралығында өткен чемпионатта еліміздің 17 өңірінен келген 300-ге жуық спортшы өнер көрсетті. Мергендер арасынан пута, қалқан, жамбы нысаналары бойынша мықтылар анықталды.
Бұқар жырау ауданына мергендік өнерін алып келіп, садақ ату спортына жастарды баулып жүрген жаттықтырушы Айдархан Әбдірахманов есімді азамат. Ең ерекше және әдемі спорт түріне қызығып, шәкірт тәрбиелесем деген Айдархан Әбдірахмановтың арманы 2021 жылы жүзеге асады. Аудан әкімінің миллион теңге грантын жеңіп алған ол сол қаражатқа қажетті спорттық құрал-жабдықтар: садақтар, жебелер және нысана сатып алады. Қазіргі таңда садақ ату үйірмесіне 15 бала қатысады.
-Үйірмеге қатысатын балалардың жасы 8 жастан 15 жасқа дейін. Шәкірттерім Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарына ашық турнирлерге шығып, жақсы нәтижелермен қуантуда. Жүлделі орындар да бар. Осы жылы 3-ші Қазақстан Республикасының чемпионатында 4 шәкіртім өнер көрсетті, – дейді Айдархан Әбдірахманов.
Жебесі мен садағы иығынан түспеген, құралайды көзге атқан мергендерді тәрбиелеуші ұстаздың еңбегінің зая кетпегендігінің бір көрінісі – Өскеменде өткен чемпионатта тағы бір дәлелденді.
«Жамбы» нысанасы бойынша Кәусар Байжанова 3 орынға, «Пута» нысанасы бойынша Айым Байжанова жүлделі 3 орынға ие болды. Жеңімпаз қыздарымызға ақшалай сыйлық табысталды.
Көп ішінен оза шауып, дода ортасынан керіп тұрып садақ тартқан білекті аруларымыз, мерген қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
Б.Жакешова





