Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Спортты серік еткен доскейліктер
18.05.2024
Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.
Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, - деді өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Біздің Доскей ауылының жастары да өз өмірлеріне спортты серік етіп келеді. Жекпе-жек ұлттық спорт түрімен айналысатын 20 шақты баланы жаттықтырып, жарыстарға апарып жүрген бапкер Әрсен Қылышбаевтың еңбегін айта кеткенді жөн санадым. Үстіміздегі жылдың 5-ші мамырында Доскей ауылында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ашық Чемпионат өтті. Жарыс Қарағанды облысының жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Нұрмадиев Әділет Болатұлының қолдауымен болды.
Жарысқа Қарағандыдан 5 команда, Астанадан 1 команда, яғни 13 бала, Доскей ауылынан 1 команда, яғни 20 бала, жалпы саны 60 шақты жасөспірімдер қатысып, өте қызықты, тартымды жарыс өтті.
Жеңіске жеткендер марапатталып, алыс-жақыннан жиналған жасөспірімдер бір-бірімен танысып, қуаныштарымен бөлісті. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті. Доскейлік команданың нәтижесі мақтанарлық деңгейде болды. 10-11 жас аралығында 27 кг салмақта
Бағлан Ерслан 2-орынға, Руслан Бакиров 3-орынға, 30 кг салмақ дәрежесінде Алдияр Есмұрат 2-орынға, Елнұр Дүйсембек 3-орынға, 33 кг салмақта Қайсар Ақшолақов 1-орынға, 36 кг салмақта Рамазан Қайыржан 3-орынға ие болды. 12-13 жас аралығында 35 кг салмақ дәрежесінде Алтынбек Умаров 2-орынды қанжығаласа, 42 кг салмақта Арыстан Қайыржан 2-орын мәресіне шықты. 14-15 жас аралығындағы балалар арасында 44 кг салмақта Әділ Аман 2-орынға, 51 кг салмақта Айбек Аманбай 2-орынға, 54 кг салмақта Ерасыл Құсайынов 2-орынға, 67 кг салмақта Самат Амангелді 1-орынға, 67 кг және одан да жоғары салмақ дәрежесінде Рамазан Бауыржанұлы 2-орынға ие болды.
Доскей ауылының атын шығарып, спортта да, өнерде де, білім жағынан да жоғары көрсеткіштер көрсетіп жүрген жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз.
Дариға Рахымқызы,
Доскей ауылы





