Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
«Сарыарқа барысы»
18.05.2024
Ауылды аймақтан іріктеліп шыққан шын мықтылар қатысқан бәсекеде жерлесіміз Ерқанат Молдағұлов жеңіске жетіп, «Сарыарқа барысы» атанды.
Қарағандының әр өңірінен келген сен тұр, мен атайын деген кілең мықтылар бәйгесінде қабілет-қарымы мен біліктілігін көрсете алғандар саны көп болды. Солардың ішінен оза шапқан балуанымыз Шахтинск қаласында өткен ересектер арасындағы облыстық «Сарыарқа барысында» Ерқанат Молдағұлов 1-орынға ие болды.
Боз кілем үстінде ауыр салмақ дәрежесінде белдескен жеңімпаз балуанның бапкерлері аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Ерулан Сағитов пен Абай Ұмітбаев.
- Менің спортқа келгеніме биыл 15 жыл болды. Қазақ күресінен бөлек, дзюдомен айналысамын. Қарсыластарымның барлығы білекті-білікті балуандар болды. Ақтық финалда Нұра ауданының балуанымен бозкілем үстіне шықтым. «Сарыарқа барысына» 4 жыл қатарынан қатысып келемін. Алдағы республикалық деңгейде өтетін жарысқа дайындық жоғары дәрежеде жүргізіліп жатыр, - дейді Ерқанат Молдағұлов.
«Сарыарқа барысы» атанып, республикалық деңгейде өтетін “Қазақстан барысы” турниріне жолдама алған жерлесіміз үлкен бәсекеде Қарағанды қаласының намысын қорғайтын болады. Ерқанат Молдағұловты байрақты жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! «Сарыарқа барысы» атағыңыз «Қазақстан барысына» өзгеруіне тілектеспіз.
Б.Жакешова
Суретте: А.Ұмітбаев және Е.Молдағұлов.





