Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Адам ұрпағымен мың жасайды
12.10.2023
Өткен аптада қазақ күресіне еңбегі сіңген спорт ардагері, білікті бапкер, ұлағатты ұстаз Қабдуали Батырұлы Добаровты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті. Турнирға Қарағанды қаласы, Бұқар жырау, Шет, Абай аудандарынан келген 2009-2011 жылы туған 130-ға жуық балуан қатысып, бақтарын сынады.
Саналы ғұмырын отандық спорттың дамуына арнаған ұстаз Қабдуали Батырұлының қолынан мықты деген спортшылар өсіп-өнді. «Ер намысы - ел намысы» демекші, ел намысын жерге түсірмейтін спортшыларды баптап, қанаттандырған білікті бапкер ауданымызда қазақ күресінің өркендеуіне өз үлесін қосты. Бапкерді биік көгіне көтерген шәкірттері Абай Құрмашұлы, Ержан Кәпенұлы, Жасұлан Жаңбырбайұлы қазақ күресіне өздерінің есімдерін жаза білген балуандар. Артынан ерген ұрпағы, ізін жалғаған шәкірті барда Қабдуали Добаров сынды ел ағаларының есімі өшпесі анық. Соның дәлелі осы турнир болып отыр. Қабдуали Батырұлының балалары бұл турнирді қатарынан екі жыл өткізіп отыр. Турнирдің мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ күресін жөспірімдер арасында өркендету, балуандардың спорттық шеберліктірін арттыру.
Жарыс тәртібі бойынша «Сарыарқа» спорт кешенінде салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан қатысушылар сағат 10-да Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің спорт залына жиналды.
Алдымен доданың салтанатты ашылуы болды. Қабдуали Батырұлының інісі Төлеу Добаров, жеке кәсіпкер, меценант, Қарағанды облысы «ЗАККАР» күрес клубының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Абай Зикиров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарағанды қаласының жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы Жасұлан Жаңбырбаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміның басшысы Олег Цыганков, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебіның директоры Еркін Жетпісбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бірінен кейін бірі боз кілем үстіне шыққан балуандар арасынан кіл мықтылар анықталды. Әдіс жасап, тактикаларды меңгерген, қарсыласынан айласын асыра білген мықтыларды анықтауда Абай Үмітбаев төрешілік етсе, Нариман Қасенов хатшы қызметінде болды. Жарыс соңында «сен тұр, мен атайын» деген жас сайыпқырандар арасынан қарсыласының жауырынын бірінші болып жерге тигізген жеңімпаздар анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 30 кг салмақта 1-орын Ботақарадан Алдияр Мейржановқа, 2-орын ботақаралық Ерулан Акылбековке, 3-орын осы өңірдің балуаны Әбілмансұр Сатаевқа және Шет ауданынан келген Аңсар Төлеуғазыға бұйырды. 34 кг салмақта 1-орын ботақаралық Асылжан Байсовқа, 2-орын Ақбелден келген Нұрдәулет Какенге, 3-орын шеттік балуан Әмірхан Еркебұланұлына және Ботақара кентінің жігіті Әлишер Бағынтаевқа тиесілі болды. 38 кг салмақта 1-орын Ботақара кентінің балуаны Саян Жанатайға, 2-орын ботақаралық Дидар Науанға, 3-орын Абай ауданынан келеген Қазыбек Айғозин мен шеттік Жансерік Саматқа бұйырды. 42 кг салмақта 1-орынды ботақаралық Мирас Айтмұқанбетов, 2-орынды Шеттен келген Әділет Аманаев, 3-орынды шеттік Мансұр Советов пен қарағандылық Нұрислам Серікбай қанжығалады. 46 кг салмақ дәрежесінде 1-орын ботақаралық Диас Айтмұқанбетовке, 2-орын Көкпекті ауылынан келген Азамат Бекжановқа, 3-орын қарағандылық Әлихан Асхатұлы мен Молодежныйдан келген балуан Саян Темірболатовқа табысталды. 50 кг салмақта 1-орынға қарағандылық Әлибек Құдайберген, 2-орынға Ақбел ауылының мақтанышы Әділет Какен, 3-орынға Қарағандыдан келген балуан Ермек Бекеш пен абайлық Әлкен Бекжанов жетіп, жеңіс биігінен көрінді. 55 кг салмақта 1-орын Молодежныйдан келген Руслан Илмчаевқа,
2-орын шеттік Дияр Тұяқбайға, 3-орын Тоғызқұдық балуаны Нұрасыл Серіков пен ботақаралық Азамат Еркінге тиесілі болды. 60 кг салмақта 1-орын шеттік Ақжол Төлеуге, 2-орын қарағандылық Ерсұлтан Хавдрашқа, 3-орын Қарағандыдан келген Абылай Айғазы мен Новоузенка балуаны Елдар Талғатқа тиесілі болды. 65 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға қарағандылық Алмас Сакен, 2-орынға Қарағандыдан келген Айдар Қымбат, 3-орынға тағы бір қарағандылық балуан Айбек Құмар мен Ботақарадан Елдос Мұқышев ие болды. + 65 кг салмақта 1-орын қарағандылық Салық Алишерге, 2-орын Абай ауданынан келген Расул Құсайыновқа, 3-орын Қарағандыдан келген балуан Ерасыл Зейнуллин мен абайлық Аян Өміржанға бұйырды. Жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, медаль мен белдіктер табысталды.
Турнирді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Добаров:
- Бүгін боз кілем үстінде тартысты бәсекені көре алдық. Кіл мықтылардың аты озды. Турнир арқылы әкемізді еске алып, ауданымызда спортты дамытып қана қоймай, жастарымызға ұлттық спортымызды дәріптейміз деп бастаған бастамамызды қолдаған әрбір жанға алғыс білдіреміз. Әкеміздің арманын орындап, мықты деген балуандардың қанаттануына өз септігін тигізіп отырған барша қатысушылар, көрерменге алғыс айтамыз. Турнирдің басынан аяғына дейін жанашырлық танытқан Ерулан Сағитов пен ұйымдастыруға өз көмектерін ұсынған Олег Цыганков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Абай Үмітбаев, Ақбел ауылының жаттықтырушысы Сағыныш Сәрсенбаев, Еркін Жетпісбаев және мектеп ұжымына ерекше алғыс білдіреміз, - дей келе Олег Цыганков, Абай Үмітбаев, Ерулан Сағитов, Сағыныш Сәрсенбаевтар Добаровтар отбасы атынан алғыс хатпен марапатталып, иықтарына шапан жабылды.
Төрешілер Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің жаттықтырушысы Серік Оспанов, Абай ауданының жаттықтырушысы Орал Иса, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Нариман Қасенов, Ақбел ауылының жаттықтырушысы Абай Жапаров та Добаровтар отбасының атынан алғыс хатпен марапталады.
Әке ісін жалғап, әке есімін ұлықтаған ұрпағына қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамыз. Үлкен додаларда байрағымыз биікте желбіреп, әнұранымыз шырқала берсін.
Б.Жакешова
Суреттерде: Қабдуали Добаровты еске алу турнирінен тартымды сәттер.





