
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Аудандық мәслихат хатшысының Бұқар жырау аудандық мәслихатының «2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы желтоқсанға дейінгі» есебі
12.01.2019
Құрметті жерлестер!
Аудандық мәслихаттың 20 сессиясында 2017 жылғы 22 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі сіздердің алдыңызда соңғы есеп берген сәттен бастап өз жұмысым және аудандық мәслихаттың жұмысы туралы хабардар етуге рұқсат етіңіздер.
Бұл кезең жалпы еліміздің, атап айтқанда ауданымыздың өміріндегі айтулы күндерге және оқиғаларға толы болды.
Бұл өзгерістер бағытын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылдың басында, 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындаған болатын. Елбасы барлық қазақстандықтарды тарихи өрлеу шегінде тұрған біртұтас ұлт болып бірігуге шақырды.
Республикамыздың азаматтары үшін осы жылдың маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурызда жария етілген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуі болды. Онда әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін салық жүктемесін төмендетуге, студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын несие беруді кеңейтуге және елді одан әрі газдандыруға бағытталған нақты бастамалар белгіленді.
Мемлекет басшысының идеяларын жүзеге асыру үшін ауданда ақпараттық-насихаттау топтары құрылды, оның құрамына біздің ауданның ең беделді тұрғындары, соның ішінде аудандық мәслихаттың депутаттарымен мемлекет басшысының жолдауын жергілікті жерлерде, өздерінің еңбек ұжымдарында, ауыл тұрғындары арасында зерделеу, түсіндіру және талқылау ұйымдастырылды.
Сәл кейінірек, осы сессияда бөлім басшылары Президенттің «Бес әлеуметтік бастамалары» атты үндеуін аудан аумағында іске асыру барысы туралы бізді хабардар етеді.
2018 жыл еліміздің елордасы - Астананың 20 жылдығы, яғни осы жылдар ішінде Тәуелсіздік пен табысты дамудың символына айналған мерейтойы аясында өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Жаңа ғана айтып өткенімдей, есепті кезеңде біздің ауданымызда айтулы оқиғалар орын алды. Баршамыз куә болған, республикалық ауқымдағы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын мерекелеу бойынша мерейтойлық іс-шараларды, олардың негізгілері біздің ауданда аталып өткенін атап өткім келеді.
Мерекелік күнге орай облыс әкімі Ерлан Жақанұлы Қошановтың үлкен қолдауының арқасында ауданымыздың елді мекендерін абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, облыстық, аудандық деңгейдегі және кентішілік жолдарын жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай 3-мыңнан астам іс-шара өткізілді. Мерекелік күнге арналған ғылыми-практикалық конференциялар, ауданның барлық мәдениет мекемелерінде тарихи ақпараттық сағаттар, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер өткізілді, тақырыптық көрмелер ресімделді, еңбек ұжымдарының, ауылдық округтердің байқау-фестивалі ұйымдастырылды.
Ұлы бабамыздың құрметіне былтырғы жылы “Көмекей әулие атты деректі-көркем фильм, ал тамыз айында Керней ауылының маңында бүкіл республикадан келген қонақтардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізілді. Баршамыз бір адамдай осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді ат салыстық.
Құрметті жерлестер!
Айта кетейін дегенім, мәслихатта депутаттар жұмысы үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан, оларға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. Ол үшін аудан мәслихаты аппаратында барлық қажетті база бар. Есепті кезеңде қажетті оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды, депутаттардың республикалық, облыстық, аудандық газеттерге жазылуы рәсімделді. Аудандық мәслихат аппаратында депутаттарға «Заң» электрондық деректер базасы қызмет көрсетеді, аудандық мәслихаттың ақпараттық порталы, электронды құжатайналымы жүйесі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу жүйесі жұмыс істейді.
Сонымен қатар, аудандық өкілетті органның жұмысында пайдаланылмаған резервтер бар. Бірінші кезекте бұл өз округтерінде сайлаушылармен жұмыс істеу белсенділігін арттыруда, атқарылған жұмыс туралы тұрақты есеп беруде, аудандық газет беттерінде депутаттық өкілеттілікті орындау туралы сөз сөйлеу кестесін сақтауда, аудандық мәслихаттың сессиялық отырыстарына және басқа да іс-шараларына қатысу жоспарында депутаттық тәртіпті қатаң сақтауда көрінеді. Депутаттарға және аудандық мәслихаттың хатшысына өз жұмыстарын жетілдіруге барлық мүмкіндіктер жасалған.
А.Әли,
Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы
Комментарии (0):
Комменатриев нет.