
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі Ерлан Ғалымұлы Карибаевтың 2018 жылы атқарған жұмысының есебі
05.01.2019
Тоғызқұдық ауылдық округінің құрамы екі елдімекеннен тұрады. Орталығы – Тоғызқұдық ауылы және бөлімшесі Тасшоқы ауылы. Округте халық саны – 1321, үйлер саны - 296, отбасылар саны - 379, мүгедектер – 62, зейнеткерлер - 139, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еңсерген тыл еңбеккерлері – 5, жауынгер-интернационалист – 1, жастар саны - 369, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының студенттері - 18, колледж студенттері - 51. Экономикалық белсенді халық саны - 594, тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 496, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 98 адам.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 отбасы.
Көп балалы отбасылар саны - 131. Жыл бойы аталған категориялардағы адамдарға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетіліп отырды.
Тоғызқұдық және Тасшоқы ауылдары бүгінгі күнде қарқынды даму жолында. Бұл ауылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып, игеріліп келеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар арқарылуда. Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 6 адам жіберілді. Екінші бағыт бойынша 2 адам жалпы көлемі 5 млн. теңге несие алып өз істерін ашты. Сонымен қатар өз жеке ісін ашу үшін 1 жоба аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсынылып, 1 адам несие алды. Үшінші бағыт бойынша 1 адам Кузнецкий жалпы білім беру мектебінде жастар тәжірибесінен өтуде. Жыл басынан бері 52 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2 адам қоғамдық жұмыскер болып жұмыс істейді.
Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушылар саны - 213, барлығы 56 мұғалім қызмет етеді. 2018 жылы 15 бала мектеп бітірді, оның ішінде 1 бала «Алтын белгі» алды. 4 бала грантқа жоғары оқу орнына түссе, 6 бала колледжға грантқа оқуға түсті. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебінде орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Биылғы жылы қазан айында «СпецТехСтрой -09» ЖШС бастауыш мектепке 962 мың теңгеге санитарлық бөлме орнатты.
Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен 50 бала қамтылған. Шағын орталық тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Арнайы медициналық автокөлігі бар, жалпы 5 маман халыққа қызмет көрсетеді. Тасшоқы ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. Қант ауруы, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын есепте тұрған азаматтарға тегін дәрі-дәрмек беріледі.
Ағымдағы жылы 2 зейнеткер Қарағанды қаласындағы ардагерлер үйіне барып, денсаулықтарын оңалтып қайтты.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
Округте жалпы көлемі 52581 га жер телімі бар, ауыл шаруашылық мақсаттағы алқаптар 33764 га.
Округтің бірден-бір бағыты өнеркәсіп пен ауыл шарушылығын дамыту болып саналады. Округ бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының саны - 46. Оның ішінде 40 шаруа қожалық толық жұмыс істеп, даму жолында.
Биылғы жылы 4053 га егін салынып, 2957 тонна бидай, 1173 тонна арпа және 70 тонна сұлы жиналды. Қысқы мерзімге 8870 тонна жем-шөп дайындалды.
Округ аумағында ІҚМ – 3334 бас, ҰММ – 3611 бас, жылқы – 839 бас, құс – 835 бірлік. Оның ішінде ауыл шаруашылығында (ШҚ) ІҚМ 1173 бас, ҰММ 436 бас, жылқы 250 бас.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға араналған бағдарлама бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде.
Ауылда жеке кәсіпкерлер саны - 5. Дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Апта сайын әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп, қадағаланып тұрады.
Мәдени-ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі, 1 модельді кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шараны халықтың басын біріктіруге, елге деген сүйіспеншілікті бекіту үшін, Елбасының саясатын тарату мақсатында терең мағынамен ұйымдастырып, өткізу жоспарланады. Тоғызқұдық ауылында мәдени ошақ болғанымен білім мекемелері, ардагерлер кеңесі, жастар қауымы мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырып, ақылдаса отырып өткізген әр шара өз мақсатына жетіп отырады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығын, жыл сайын 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнін атап, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне “Разрез Кузнецкий” тау-кен компаниясы өз аттарынан сыйлықтар таратты. Қарттар күніне де шаруа қожалықтарының басшылары үлкен көмек көрсетіп тұрады. Сонымен қатар жыл сайын “Разрез Кузнецкий” ЖШС жауынгер-интернационалистке, желтоқсан оқиғасына қатысушыға және жатқан мүгедектерге тегін көмір беріп тұрады.
Ауылда «Билайн» және «Актив» байланыс жүйесі жақсы жұмыс істейді, интернет желісі қосылған.
Биыл ауылдық округ әкімінің аппараты, ветеринарлық пункті, учаскелік инспектор мен пошта ғимаратпен қамтамасыз етілді.
Пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антенна орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет-журналдар, сонымен қоса халықтың еңбекақысы, зейнетақысы уақытында таратылып беріледі.
Жеке кәсіпкерлерден, жер мен мүліктен және көліктен түсетін салық төлемдері 2016 жылдан бастап жергілікті әкімдіктің қолма-қол бақылау есеп шотына түседі. Жыл басынан аталмыш есеп шотқа 483700 мың теңге жиналды. Оның ішінде 224448 теңге көше жарығына, 1707 мың теңге ауыл көшесін тегістеуге, 550 мың иесіз қалған күл-қоқысты шығаруға, 45 мың теңгеге жас тал сатып алынып отырғызылды, 62700 теңгеге су сорғы, 70 мың теңгеге шөп шабатын құрылғы сатып алынды, 962 мың теңгеге бастауыш мектепке санитарлық бөлме жасалды және 70 мың теңгеге баннерге тапсырыс берілді. 1385921 мың теңге қолма-қол бақылау есеп шотында тұр.
«Туған жер» бағдарламасы аясында жыл сайын сәуір айында халық арасында жеке меншік малды бағу және көктемгі тазалық жөнінде жиналыс өткізіледі. Ауыл тұрғындарымен елдімекендердің сәулет түрін жақсарту және көгалдандыру бойынша жеке аула иелерімен бірыңғай шарт жасалған. 2018 жылы екі ауылда қазіргі талапқа сай 3 шақырым жерде көлемі 10 га жер телімі беріліп, рұқсат құжаттары даярлануда, бүгінгі күні жер актісі мен техникалық төлқұжат әзірленуде.
Ауылды көркейту және өрт қаупінің алдын-алу жөнінде ауыл әкімімен 296 отбасы келісім шартқа отырды. Сенбіліктер мен таза бейсенбіліктер өткізіліп, шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдан 1700 тонна қоқыс шығарылды.
Ауылымызда бірқатар мәселелер шешімді қажет етеді. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі ескі ауыл мен жаңа ауылдың арасын қосатын көпірді күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру, Тасшоқы ауылы бойынша шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесі, Ботақара – Тоғызқұдық - Қарағанды тас жолына күрделі жөндеу жүргізу.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.