
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Шешенқара ауылдық округі әкімі Серік Төлегенұлы Ускенбаевтың 2017 жылы атқарған жұмысының есебі
06.01.2018
Елбасымыздың 2017 жылғы 31-қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің екі бағытта жаңаруына негіз болды. Олар саяси реформалар мен экономиканы жаңаша дамыту. Мақсат – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Саяси реформаның ауылдық жердегі көрінісі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқарудағы орын алған жетістіктер. 2017 жылы қолма-қол бақылау шотына (КСН) 6 салықтан түскен 1 млн. 50 мың теңге қаражатқа Ащы су мен Шешенқарадағы иесіз төгінділер шығарылып, көшенің жарығына қажетті лампалар мен фотодатчиктер, магнитті қосқыштар сатып алынды, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша жасалды, сондықтан ауыл тұрғындарының ашылып, заман талабына сай өзгергендері дұрыс.
Ауылымызда мемлекеттің жерін жалға алып, ол жерді мақсатты пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарының жерлері мемлекетке қайтарылуда, себебі ол жерлер нағыз қожайындарға берілуі керек. Осы мақсатта бүгінгі күнге дейін өз мәнінде пайдаланылмай келген ауылдық округ аумағындағы 8 шаруа қожалығының 11 815 га жері мемлекетке қайтарылды, 5 шаруа қожалығының («Аюлы» ШҚ С.Сүлейменов - 240 га егістік, «Сағынбай» ШҚ - 185 егістік, «Жалғас» ШҚ- 40 га егістік, «Әділет» ШҚ - 202 га егістік, «Аюлы» ШҚ - А.Текенов 908,4 га ауыл шаруашылығы жері) 1575,4 га жерін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
«Сарыарқа» ШҚ 298 га жерін өз еркімен тапсырып, шаруа қожалығын жапты.
Елді мекен жерінен жер алып, мал өсіруге ниет қылған ауылдық округтің 5 тұрғынына малдарының санына сәйкес тұрғындардың келісімімен маусымдық пайдалануға, уақытша 4 жыл 11 айға 4300 га жайылымдық жер берілді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің саяси, экономикалық дамуын іске асырушы адамдардың рухани дамуының түп-тамырын көрсете отырып, жаңа заман жетістіктерінен де қалыспайтын, жетілген тұлға қалыптастырудың жолын көрсетеді.
Ауылымыздағы жаңғырудың көрінісі ретінде айтуға болатын жағдайлар - 2016 жылы Жеңіс күні мерекесіне орайластырылып Шешенқара ауылындағы христиандар қорымында Ұлы Отан соғысының ардагері Левадный Михаил Никитовичтің мәйіті жатқан жердің темір қоршауы сырланып, басына ескерткіш тас орнатылды. 2017 жылы маңайы тазартылып, сырланды.
Ауылымыздың Пискунов көшесіндегі Пискунов Алексей Васильевичке орнатылған ескерткіш белгі жаңартылып, қоршаудың есігінен ескерткіш белгіге дейін тас тротуар жасалды. 2017 жылы осы ескерткіш белгіні жаңартуды бітіріп, Жеңіс күніне арналған салтанатты шараны аштық.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқтала кетсем - 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес Шешенқара ауылында 2014-2018 жылдары су құбырын әр үйге кіргізу жоспарланған. 2015-2016 жылдары су қоры зерттелді, 2017-2018 жылдары жоба дайындалып, 2019 жылы су құбыры тартылады.
«Еңбекпен қамту жол қартасы - 2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2017 жылы Шешенқара ауылының тұрғындары Д.Касивхан – 5 700 000 теңге, С.Абишев – 9 000 000 теңге несие алып, шаруашылықтарын өркендетуде.
Осы бағдарламаның 3-бағыты бойынша бір жігіт механизатор мамандығын алып шықты.
Өткен кездесулерде тұрғындардың тараптарынан айтылған өтініш-тілектердің орындалысына талдау жасасақ, бүгінгі күні шешімін тапқан мәселелер:
1. Бүгінгі күні «Қарағанды-Белағаш» бағытындағы автобустың кесте бойынша аптаның бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері Қарағандыдан Белағашқа барар жолда, ал жұма, сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері Белағаштан Қарағандыға барар жолда Шешенқараға кіру мәселесі шешілді.
2. 3-разъезд бен Шешенқара ауылының арасындағы жолды коммуналды меншікке қарату мәселесі 3-разъезд тұрғындарының Шешенқара ауылына көшуі себепті, қажеттіліктің жоқтығынан күн тәртібінен алынды.
3. Нұра өзенінің су жайылатын жағасын биіктету мәселесі 2017 жылы ауыл тұрғындарының күшімен шешілді.
4. Қатты қалдықтар төгіндісі жатқан жер учаскесі 2017 жылы заңдастырылды.
Ал шешімін таппаған бір ғана өтініш - Нұра өзенінің үстінен өтетін көпірдің жөндеу жұмыстарын бітірту.
Шешенқара ауылдық округінде барлығы 99 765 гектар жер көлемінде орналасқан екі елді мекендегі (Ащы-су, Шешенқара) 233 үй-жайда 884 адам тұрады. Олардың 441 еңбекке жарамды бөлігіндегі 436 адам жұмыспен қамтылған. Бұның ішінде 318 адам жалдамалы жұмыста болса, 118 адам өз шаруашылықтарында еңбек етеді. Жалпы жұмыссыз деп есептелетіндер саны 5 адам. Жасына байланысты шыққан зейнеткерлер саны – 97 адам. Мүгедектер қатарында – 48 адам.
Атаулы әлеуметтік көмекті 1 отбасы (5 адам) алады. 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыны 9 отбасындағы 28 бала алып отыр. Ауылда 1 - Ауған соғысының ардагері, 15 - тыл еңбегінің ардагерлері және Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 1азамат тұрады.
Ауылдық округ аумағында 1 өндірістік кооператив, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 24 шаруа қожалықтарының жер телімдері бар. Жеке кәсіпкерлер саны 10.
Білім беру саласы. Мемлекеттік білім беруді дамыту 2016-2019 жылға бағдарламасы бойынша Шешенқара ауылдық округінде бір жалпы білім беру орта мектебі қызмет жасайды. 2015 жылдың 23 қарашасында мемлекеттік аттестациядан өткізіліп, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті оқыту стандартына сәйкес деп танылды.
Жалпы оқумен қамту бойынша – мектепте 138 оқушы, мектеп жанындағы шағын орталықта -25, мектепалды даярлық тобында - 19, бастауыш буында - 57, негізгі буында - 61, жоғарғы буында - 20. Қазіргі уақытта 1-11 сыныптар бойынша 20 бала тегін тамақтанады. Кітапханадағы кітап қоры - 7 530 кітап.
Республикалық, облыстық жарыстардың қазақша күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы Болысхан Ернат спорт шеберлігіне үміткер мәртебесіне ие болды. Өз салмағында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Шешімі қиын бір мәселе - мектептің төбесінен жаз бойы жауын жауғанда су өтіп, плиталардың жарылып кету қаупі төніп тұр. Осыған байланысты аудандық оқу бөлімінен төбені шатырлау жөнінде өтінімге сәйкес 2018 жылы 40 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық саласы. Шешенқара дәрігерлік амбулаториясы бейімделген 2 пәтерлі үйдің ғимаратында орналасқан. Ауылдық округ тұрғындарына аға дәрігер, акушер, балалардың медбикесі дәрігерлік көмектерін көрсетеді.
Ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулаториядағы күндізгі стационардан ем қабылдайды. Бүгінгі күні шешілмей тұрған мәселе - фармацевтің жоқтығынан дәріхана ашылмау мәселесі.
Мәдениет саласы. Ауылдық мәдениет үйінде 10 көркемөнерпаздар үйірмелері және «Шалқыма» қазақ ұлттық бұрышы мен «Березка» орыс-украин этно-мәдени ұлттық орталығы жұмыс жасайды. Жеңіс, қарттар күні ардагерлер мен басқа да зейнеткерлерге, 8-наурыз күні «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарына ие болған аналарға арнайы дайындалған ән-күй бағдарламалары көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды. Модельді кітапханада 10 998 кітап қоры бар. Оқырмандар саны – 600. Кітап берілімі – 9 500.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша Шешенқара мал дәрігерлік пунктінің ұжымы 2017 жылға жоспарланған барлық ветеринарлық іс-шараларды 100% орындады .
Шешенқара ауылында бір пошта бөлмшесі бар. Хат-хабарлар жеткізуді, зейнетақы, жәрдемақыларды, еңбекақы төлеу бойынша тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бюджетке төлемдер қабылдайды. Газет-журналдар аудан орталығынан күнделікті жеткізіліп тұрады.
Учаскелік инспектордың 2017 жылға есебі бойынша барлығы 36 заң бұзушылық пен қылмыс тіркелген. Олардың төртеуі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қалған заң бұзушылықтар бойынша заңға сәйкес шешімдер қабылданды.
4 қылмыстық істің біреуі ашылып, іс сотқа жіберілді, қалған 3 қылмыстық іс ашылмаған күйінде қалып отыр.
Өткен 2017 жылы 58 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 1 адам Саран қаласындағы ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығына 3 айға жіберілді. Салынған әкімшілік айыппұл көлемі - 104 373 теңгенің 65 868 теңгесі өндірілді.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.