
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ақбел ауылдық округі әкімі Айдын Төлеуханұлы Досмақовтың 2017 жылы атқарған жұмысының есебі
06.01.2018
Ақбел ауылдық округінде халық саны - 857, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны -339, жұмыспен қамтылған - 244 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған - 131 адам, жұмыссыз ретінде тіркелген - 7 адам, зейнеткерлер саны 115 оның ішінде 8 тыл ардагері, жәрдемақы алатын - 14 отбасы, атаулы әлеуметтік көмек - 2 отбасы.
Ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылымын дамыту. Жалпы округ бойынша 54 электр жарықтары орнатылған. Биылғы жылы Абай және Мәметов көшелеріне 10 электр жарығы орнатылды. Көктемдегі тазалау маусымында жалпы 2000 тонна көлемінде күл-қоқыс шығарылды, ағаш бұтақтары кесіліп, ауыл алаңдары тазаланды. Көктемде тағы осы жұмыс жалғастырылады. Су мәселесі бойынша Ақбел ауылында 2 скважина, бір су қоймасы арқылы халық таза сумен қамтамасыз етіледі. Құрама ауылына 1 скважина орнатылып, халық таза сумен қамтамасыз етілді.
Кесте бойынша «Қарағанды-Ботақара-Ақбел» 84 маршрутты автобусы 2 мезгіл қатынайды. Ауыл тұрғындарына өте қолайлы. Құрама ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша аталған маршрут Құрама және Үміткер ауылдарына жалғастырылды. Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын қардан тазарту жұмыстары атқарылады.
2017-2021 жылдары агроөнеркәсіпті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша округ аумағында 38 шаруа қожалығы және 5 жеке кәсіпкер тіркелген. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты - мал шаруашылығы және егін егу болып табылады. 2017 жылы ірі қара - 1719 бас, қой-ешкі - 2618 бас, жылқы - 741 бас, шошқа - 150 бас, әр түрлі құстар - 1208 тіркелді. 2017 жылы мал шарушылығын дамыту мақсатында «Құлан» ШҚ (басшысы Шалабеков М.) 18 млн. теңге жылқы шаруашылығын дамытуға несие алды. Қазіргі уақытта 52 бас жылқы сатып алынды.
Округ шаруа қожалықтары 3950 га көлемінде дәнді-дақыл екті. Оның ішінде 2950 га бидай және 1050 га арпа. 2018 жылы 6000 га дәнді дақыл егу жоспарлануда.
Мал шарушылығын дамыту бойынша ауыл тұрғындарымен жиналыстар, кездесулер өткізіліп несие беру жөнінде ақпараттық- насихатау жұмыстары өтеді. Қазіргі кезде Құрама ауылында тұрғындардың келісімімен ауыл шаруашылығы кооперативін құру жұмыстары жүргізілді, ендігі кезек мемлекеттік тіркеуден өту. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында Е.Б.Қаппасов 4 мың га, Е.Хамитов 4 мың га жер телімін алды.
«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқуға 5 адам және тегін кәсіптік оқыту бойынша 1 адам оқуға жіберілді. Үшінші бағыт бойынша бір адам жастар тәжірибесінен өтуде. Жыл басынан бері 44 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылды, 6 адам қоғамдық жұмыскер болып жұмыс атқарды.
Қорғанкөл көлінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында Б.Галимова атты жеке кәсіпкер балық аулау жұмысын бастады. Бұдан әрі туризмді дамыту жоспарлануда.
Мәдени іс-шаралары. Округ бойынша бір мәдениет үйі және бір модельді кітапхана бар. Жыл басынан бастап ауылдық клуб үйінде мереке күндеріне арналған мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. 2017 жылы Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысқан жерлестерімізге ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
Денсаулық сақтау. Округ аумағында 1 медициналық пункт, Құрама және Алабас ауылдарында 2 медбике жұмыс атқарады. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында тегін медициналық скринингтен өткізу жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 бала дүниеге келді, 5 адам қайтыс болды.
Білім беру. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 2 мектеп және мектеп интернаты жұмыс атқаруда. Қ.И.Сәтбаев атындағы мектепте 109 оқушы оқиды, Ақбел және Құрама ауылдарындағы шағын орталықта 29 бала тәрбиеленеді, 53 бала тегін тамақтанады. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толығымен жұмыс атқаруда. Әртүрлі мерекелік және спорттық іс- шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіледі.
Дене шынықтыру және спорт түрлерін әрі қарай дамыту мақсатында ауылда күрес залы жұмыс жасайды, қазіргі кезде 27 бала күрес секциясына қатысады. Аудандық, облыстық жарыстарда біздің палуандар жүлделі орындарды иленуде.
Әкімшілік ғимаратында ветеринарлық бөлім жұмыс атқарады, талапқа сай материалдық-техникалық жабдықтармен және интернет жүйесімен толық қамтылған. 2017 жылға арналған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар толығымен жүргізілді.
Ақпараттық насихаттау тобы әр мемлекеттік мекемеде, мешітте халықпен кездесу өткізіп сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизмге қарсы дәрістер оқиды.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету аясында жыл басынан 38 мемлекеттік қызмет көрсетілді және жеке тұлғалардан жер телімін алу мәселесі бойынша 9 өтініш түсті. Түскен өтініштер толығымен қанағаттандырылды.
2017 жылы халықтың сұрауына қатысты жиналыс өткізілді, өзекті мәселенің бірі - ауыл халқының малын бағу. Жиынның қорытындысы бойынша бақташыларды сайлап, олармен келісім-шарт жасалды.
Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын ауылды дамытуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп атқаруға шақырамын.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.