Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Арқаның кербез даласы
05.08.2017
Тәуелсіздік туы қазақтың қолында. Бар әлемге танылған, сара да дара жолымен болашаққа қадам басқан, жаңашылдыққа бет бұрған Қазақ елі өзінің жасампаз саясатын жүзеге асыруда.
Облысымыз - Қарағанды қаласы былтырғы жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлады. Осы мерейлі мерекеге оның аумағындағы барлық аудандар өзінің үнін қосты.
Бұқар жырау ауданы жұртшылығы биылғы жылы екі ауданның - Ульянов және Тельман аудандарының біріктірілгеніне 20 жыл толуын атап өтуде. Өтпелі кезең қашанда адамдардың есінде сақталады. Өйткені, мұндай кездерде адамның басынан толқулар, қобалжулар өтеді. Алда не болады екен деген уайым орын алады. Бірақ, адам баласының жеңбеген қиындығы болмайды, біз бүгін сағымдай болған сол 20 жылға көз тастамақпыз.
1997 жылдың 23-мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің №3528 Жарлығымен Ульянов ауданының аты Бұқар жырау болып өзгертілді сол күнгі №865 Өкімет Қаулысы бойынша Тельман ауданының аумағы Бұқар жырау ауданына қосылып, аудан шекарасы өзгертілді.
Аудан халқының саны - 60 мыңнан астам. Қаншама ауыртпалықты басынан өткізсе де, халық өзінің салт-дәстүрінен, жақсы қасиеттерінен айырылған жоқ. Қарағанды өңірінен атақты өндіріс ұйымдастырушылары, ғалымдар, өнер, білім қайраткерлері шықты. Өзінің саласын жақсы білетін басшылар да мекемелерін алға бастады. “Елге ел қосылса - құт” демей ме халық даналығы. Екі ауданның экономикасын көтерген еңбек адамдары, тасын өрге домалатқан ел ағалары бүгінде құрметті демалыста, бос уақыттарын балалары мен немерелеріне арнап, ағайын-туғанның, дос-жаранның қызықтарына ортақтасуда.
Ауданның ауылшаруашылық жерлерінің көлемі - 347, 7 мың га.
Ауданда өнеркәсіп өндірісі орта және кіші кәсіпорындармен белгіленеді. Мал шаруашылығы құс өсіру мен етті-сүтті мал шаруашылығы мен табындық жылқы өсіруде мамандандырылды. Суарылатын алқаптарда көкөністер мен картоп өсіріледі. Өндіруші өнеркәсібіне жататын ауыл шаруашылығы қайта өндірумен, тамақ өнімдерін, химиялық өнеркәісібі мен резина, пластмасс бұйымдары, металдарды өндірумен айналысатын 16 кәсіпорын тіркелген.
ҚР Конституциясы мен ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы “ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті уәкілетті және атқару органдарымен жүзеге асырылды. Осы бір үлкен ауданның басшылығында В.Шумский, З.Балапанов, М.Райымбеков, А.Рахымов, С.Тұңғышбеков, Т.Зейнешев, Е.Нашаров, Ш.Мамалинов, Н.Кобжанов басшылық етті. Әр басшының өмірден түйгені, өзіндік жұмыс тәсілі, басқарушылық ерекше қасиеті, соңынан халықты ерте алатын білімі мен білігі, жауапкершілігі болды.
Әр саланың өз міндеттері, болашаққа бағдары болды. Жақсы адам жүрген жерде - жақсы жұмыс болады емес пе, осындай жандардың арқасында ауданымыз бүгінгідей дәрежеге жетті. Ауданымызды басып өтіп жатқан жолаушылар кенттің әдемілігіне таңдай қағып қарайды. Осы жерге қоныс аударып, балаларының әр мекемеде жұмыс істегенін қалайды. Өз арманын жүзеге асырып жатқан адамдар да бар.
Өз кәсібін ашып, отбасының нәсібін тауып жүрген кәсіпкерлер ауданымыздың экономикасына өз үлестерін тынбай қосуда. Аудан орталығында Кәсіпкерлер палатасы құрылған. Құрылу мақсаты - кәсіпкерлердің мәселелерін айқындау мен мүдделерін қорғау, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөнінде өз ұсыныстарын енгізу. Сондықтан, ауыл шаруашылығы - Бұқар жырау ауданының халық шаруашылығы кешенінің басты бөлігі болып табылады. Ауданда меншіктің үш түрі - кооперативтер, шаруа қожалықтары, үй шаруашылығы дамуда. Әр отбасы өзінің жеке шаруашылығын дамытып, малын өргізіп, көкөнісін отырғызып, дастарханын жайнатып, еліміздің әрбір мерекесіне өзіндік жетістігімен, ақ жүрегімен, әні мен жырымен келіп отыр.
“Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа” деп Бұқар жырау бабамыз толғағандай, тілегіміз бір арнада тоғысып, бір мақсатта еңбек етіп жатқан аудан тұрғындары алдағы жылы бабамыз атындағы ауданның құрылғанына 80 жыл, Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл толуын дүбірлете атап өтпек.
Ауданымызда жас мамандарға, көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер бой көтеруде. Кәсіпорындар ашылып, адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Өмірге жас ұрпақ келіп, олар бүгінде баба жырларымен сусындап өсіп жатыр. Әр адам ертеңі үшін алаңдамайды, өйткені олардың әлеуметтік жағдайын ойластыратын мекемелер қызмет жасауда.
Аудан тұрғындарының бірлесе атқарған еңбегінің жемісіндей - Ботақара кентіне кіре берістегі Бұқар бабамыздың ескерткіші, су құламасы, жас жырау мүсіні, зәулім мектеп, орталық аурухана алыстан көз тартады. Жасампаздықпен өткен 20 жылды тарихтың беттеріне алтын әріптермен жазуға тұрарлық.
(Материалды әзірлеу барысында “Бұқар жырау ауданы мыңжылдықтар көрінісі” , “Аудан ардақтылары “,”Бұқар жырау ауданының тарихы” әдебиеттері пайдаланылды).
Дайындаған
Қ.Ахметова





