Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Маңызды тақырыптар қарастырылды
22.07.2017
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінің кіші залында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Найманбайдың төрағалығымен, бас маман А.Жексенбаеваның ұйымдастыруымен, ауданның мекемелері мен ұйымдары мамандарының қатысуымен “Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы” тақырыбында семинар өтті.
Е.Найманбай латын әліпбиіне көшу - тарихи маңызы зор шара екендігін, біріге отырып, осы мәселені қарастырып, оның мәні мен маңызын әрбір маманның өзінің жұмыс жасап жүрген ауылында, жан-жағына түсіндіруі қажет екенін атап айтты. Елбасымыз “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу - заман талабы екенін айтқан болатын. Мерзімді баспасөз, оқулықтарды т.б. осы әліпбиге көшіру біршама уақытқа созылатын процесс.
Басқа тілді білу - өзіңнің жан дүниеңді жаңарту, басқа елдер өркениетіне қарап, бой түзеуге, өзге елде білім алуға, қатарластарыңнан қалмауға әсер етеді. Елімізде осыны жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам басталды. 2017 жылдың аяғына дейін жаңа әліпбиге үйрететін мамандар дайындау ісі қолға алынбақ.
1929 жылдан бастап латын әріптерінің негізінде “ортақ түркі әліпбиі” енгізілді. Ол әліпбиді Азербайжан, Татарстан, Башқұртстан, Орталық Азияның барлық республикалары пайдаланды. Өткенге көз тастасақ, латын әліпбиі Қазақстанда сауатсыздықты жою ісінде артып, іс қағаздары латын жазуымен жүргізілді, сол кездегі көп тиражды көркем әдебиет латын таңбасымен жарық көрген екен. Осылайша жүзеге асып жатқан жұмыстар бір-ақ сәтте тоқтатылып, 1940 жылы кирилицаға өту туралы шешім қабылданды.
Елбасы мақаласының басты маңызы - Қазақстан қоғамын жаңғырту, ескірген, ілгері басуға бөгет жасайтынның бәрінен дер кезінде арылу, жаңалыққа үн қосу.
Айгүл Жексембаева да осы қадамның маңызды екенін, осы орайда әкім аппараты қызметкерлері жер-жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, бұл қадамның - Елбасы саясаты екенін, 1-сыныптан бастап ағылшын тілін үйреніп жатқан балалар үшін латын қаріптерін үйрену қиын соқпайтынын, осы жерде отырған барлық мамандар өз жұмыс орындарына барып, дөңгелек үстелдер өткізіп, баршаға түсіндіру жұмыстарын өткізулері керек екендігін назарларына салды.
Ержан Нұрғалиұлы:
- Латын тіліне көшуге қарсымын деген адамдар да бар. Қоғамда жүрсіздер, не тілін, не ділін, тегін білмейтін адамдар көп. Қазақ тілінің жағдайын күнделікті келіп түсіп жатқан құжаттардан көріп жүрсіздер. Сондықтан ең алдымен әрбіріміз өз үйімізден, өз жанымыздан бастасақ. Тілімізден, басқа құндылықтардан айырылмаймыз, бұл егеменді елдің азаматы ретінде өзімізді сынайтын кез,-деген еді.
Тағы да Елбасы мақаласына келер болсақ, онда мынадай сөздер бар: “Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек”. Ұлттық құндылықтардың алтын тамырынан ажырап қалған ұрпақ, әрине, адасады. Ал біз санамызды барынша жаңғыртып, қоғамымызда өтіп жатқан барлық жаңалықтарды зерделеп, саралап, мүмкіндігінше үн қосып, білімімізді жоғарылатып отырғанымыз жөн.
Екінші болып қаралған мәселе - “Ономастиканың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары”. Осы тұрғыда Ержан Нұрғалиұлы мен Айгүл Мүкарамқызы жиналғандарға көтеріліп отырған мәселе бойынша түсінік беріп, көнерген, тәуелсіз еліміздің келбетіне сай келмейтін жер, су, көше атаулары ауданымызда әлі де көп екенін, осы жұмыстармен біріге отырып айналысу қажет екеніне тоқталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік комиссия географиялық объектілердің атауына біріңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, ҚР тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады. Комиссияның негізгі міндеттеріне географиялық атауларды жинақтау, жүйелендіру және зерделеу, ономастика жөнінде ғылыми негізделген сөздіктер құрастыру, бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу, атаулар әзірлеуге қатысу жатады.
Аудан төңірегінде орналасқан Петровка, Ростовка, Киров, Тракторная, Токаревка т.б. көптеген елді мекендерді қайта атауды қолға алатын уақыт келді. Центральный, Тұзды, Шешенқара ауылдарында осы тұрғыдағы жұмыстар мүлде жүргізілмеген. Намысқа басып, талмай жүгіріп, ізденіп, біршама ауылдар, көшелер атаулары өзгерген де елді мекендер баршылық.Осыған орай Ботақара ауылы әкімдігінің бас маманы Г.Жұмағұлова жиналғандарға өз баяндамасын оқыды. Ауылдың көшелерін қазақыландыруда әкімдік қызметкерлері орасан жұмыс атқарған екен.
Осындай жұмыстар бойынша ауыл, кент тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көптеген жұмыстар атқарылу қажеттігі айтылды. Осы мәселе бойынша Новоузенка ауылдық округі әкімдігі маманы мен Қушоқы кенті әкімдігі маманы өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын қойды.
Сонымен бірге семинарды ұйымдастырушылар әкімшілік-территориялық құрылымдарға тарихи тұлғалардың, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің есімдерін беру немесе қайта атау кезіндегі принциптерге тоқталды - қалаларға, қала үлгісіндегі поселкелерге, селолық аудандарға бұдан былай адам аттары берілмейтініне, мұндай есімдер арнаулы қаулымен тек қалалық аудандарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа жаңа объектілерге берілетінін, ең алдымен Қазақстанның тарихына, ғылымына, мәдениетіне, әдебиетіне және сол өлкеге тікелей қатысы бар адамдардың есімі берілетініне, бір есімнің көбейіп кетуіне жол бермеу үшін олардың республика аумағында үш объектіден артық берілмейтініне тоқталды. Семинардан жиналғандар көп мағлұмат алды.
Е.Найманбай ауданымыз бойынша мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуде соңғы орыннан табылатынымызды, кейінгі үш жылда ауданымызда қазақ тілі мәселесі қаралмағанын, алдағы уақыттарда алда тұрған қыруар жұмысты бірге атқарайық деп семинар жұмысын қорытындылады.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттері: семинар президиумы; жұмыс сәтті.





