
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қайтарымсыз мемлекеттік грант иесі
2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында Бұқар жырау ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр.
Ұлттық жобаны іске асыру барысында 2022 жылдың 1-сәуірінен мемлекеттік қайтарымсыз грантқа өтініштер қабылданды. Өтініш білдірушілердің қатарында Шешенқара ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Кощегулова Нәзира Мейрамқызы да болды.
Нәзира Мейрамқызы 2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курстарын оқу барысында «Грильдегі тауықтар» бойынша бизнес-жоспар құрды. Ойдағы мақсатын іске асыру үшін оған құрал-жабдықтарды сатып алу қажет болды.
Нәзира аудандық комиссияда 1 225 200 теңгеге «Грильдегі тауықтар» цехын ашу бойынша өз бизнес-жоспарын қорғап, комиссия мүшелерінің мақұлдауын алды. Грант қаражатына кәсібіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.
Қазіргі таңда Нәзира ауыл ішінде дәмді гриль тауықтарын дайындап, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауылда тұтынушылары да көбейіп, қасына 2 жұмыс орнын ашты. Болашақта аудан басы Ботақара кентінде және өзге де ауылдарда ашуды көздеп отыр.
Нәзираның бастаған ісіне сәттілік және табыс тілейміз.
Шахизада Тұрсынова,
«Бұқар жырау ауданының
халықты жұмыспен қамту
орталығы» КММ маманы