
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Мамандықтар вакансиясы»
Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадамның бірі. Бала жасынан ұнатқан, жүрегіне жақын мамандықты таңдап, жұмыс істеген адам жұмысына барынша беріліп атқарады, сол атқарған жұмысы оған тамаша сезім сыйлайды, жемісін береді. Өмір сүруге деген құлшынысын арттырады.
Сәуір айының 21-жұлдызында Ботақара кентіндегі С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің акті залында мектеп оқушылары, ата-аналар,ұстаздар, аудандық білім бөлімінің мамандары, облысымыздың төңірегіндегі орта арнаулы білім беретін колледждер өкілдері келіп, «Мамандықтар вакансиясын» өткізді.
Сағат 12-ге белгіленген шара өз уақытымен басталды. Залдың алдындағы фойеге үстелдер қойылып, оның үстіне әрбір оқу орнын суреттейтін брошюралар, әрбір кісінің қойған сұрағына жауап беретін осы оқу орнында оқып жүрген қыздар мен жігіттер жүр. Шараның шымылдығы көтеріліп, Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Оспанова келген жұртшылыққа ізгі тілегін білдірді.
«Болашақ» Қарағанды жоғарғы колледжі білім беру сапасының жоғарылығын, оқу ақысының қолжетімділігін, мемлекеттік тапсырыстың бар екендігін, жетім, мүгедек балаларға 20 пайыз, семестр нәтижесі бойынша үздік білім көрсеткен студенттерге, колледж және академия қызметкерлерінің балалары мен жақын туыстарына 10 пайыздық жеңілдік жасалады екен.
«Қарағанды технология және сервис колледжі» киімді модельдеу және тігін өндірісі, цифрлық техника, шаштараздық өнер, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету, аяқ киім ісі бойынша оқытады. Қарағанды агротехнология колледжі ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайды. «Автокөлік транспортын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімдері бар. Алыстан келген студенттерге жатақхана беріледі.
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің бір ғасырлық тарихы бар. Бұл жерден келген өкіл колледж туралы толық айтып берді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Информатика», «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт» , «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Резеңке-техникалық өндірісі», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету», «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Шина өндірісі», «Полимерлік өндіріс технологиясы» бөлімдері жас өскінге сапалы білім мен тәрбие береді.
«Болашақ» академиясы ғылым мен білім беру саласында 27 жыл еңбектенуде. Ол 17 сала бойынша білім береді екен. Ж.Қ.Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің де мектеп бітірушілер үшін есігі ашық. 13 түрлі мамандыққа студент қабылдайды. Оқу келісімшарт негізінде және мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асады. Абай көпсалалы колледжі агрономия, ветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру, техник-механик, «Төтенше жағдайда қорғау», «Аспазшы», «Бағдарламалық құрастырушы», «Ландшафтық дизайн», «Электр газымен дәнекерлеуші» сынды мамандықтарға жастарды дайындайды.
«Фемида» жоғарғы заң колледжінің дипломын алғандар нотариалдық кеңселерде, Әділет басқармаларында, Ішкі Істер органдарында, жергілікті атқарушы және әкімшілік органдарында, жол-патрульдік қызметтерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істей алады.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 15 мамандық бойынша білім береді. Білім шаңырағы бүкіл республикамызға мәлім.
«Бұқар жырау агротехникалық колледжі» бес мамандық бойынша оқытады. Ол ауыл шаруашылығын механизациялау жұмыстарын жүргізетін мамандар дайындайды. Қазіргі заманғы көпсалалы колледж де 8 түрлі мамандық иелерін қанаттандырып, ұшырады.
Мамандықтың жаманы жоқ, осы айтылған оқу орындарының есігі барамын деушілер үшін ашық.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: вакансияға қатысушылар; фойедегі бұрыштар.