
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ел сенеді жастарға
Бұқар жырау ауданына қарасты Керней ауылындағы Керней тірек мектебі Ресурстық орталығы білім беру саласына өзіндік үнін қосып жатқан ұжым. Қазіргі таңда мектепте 120 оқушы білім алады. Ұстаздар алдарындағы оқушыларға заман талаптарына сай білім беруге талпынуда, нәтижесі де жоқ емес.
Осы мектепте білімді де, мектептің қоғамдық, спорттық өмірінде де түрлі өнер байқаулары, сайыстар мен жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушылар бар екен. Осы қатардағы үш оқушымен танысудың сәті түсті. Олар - 9 а сыныбының оқушылары Рахим Гауһартас, Іңкар Бөкенова, Зура Жұмақаева. Бұл оқушылармен мектептің коворкинг залында тілдестік. Балалар өздеріне сенімді, көздерінде жанып тұрған от бар.
Зура Жұмақаева мәнерлеп оқудан Айгерім Ахметжамиеваның үйретуімен Қарағандыдан бірінші орын, Астанада 1 орын, Алматыда екінші орын, химиядан ұстазы Өтеуленова Гүлденнің көмегімен ҚарМУ-дің химия факультетінде жоба қорғап екінші орын, ағылшыннан Динара Ибраеваның дайындауымен жүлделі болғанын, «Гений 21 века» деп аталған сайыста химиядан бірінші орын, волейболдан жүлделі орындар алғанын қуана айтады. Волейболдан Кикимов Қайрат атты жаттықтырушы дайындап, бәсекеге қосыпты. Мылтық атудан аудан орталығында өткен сайыста жеңімпаз атаныпты. Және ол білім және мәдениет фракциясының көшбасшысы.
Іңкәр Бөкенова да өнерімен жақын-жуықтарын, ата-анасын, сыныптастарын қуантып жүрген өнерлі бала. Алматы мен Астанада жүлделі орындарды алып жүргенін тілге тиек етеді. Тіл жағына бейім баланы бірінші сыныптан бастап Айгерім Ахметжамиева Алматы, Астана, Қарағанды қалаларындағы мәнерлеп оқу байқауларына апарғанын, алғыс хаттар мен жүлделі орындарды қанжығаға байлағанын, Бұқар жырау, Мұқағали, Абай оқуларына, мәнерлеп оқуға қатысқанын мақтана жеткізді. Мектептің ішінен ашылған Бұқар жырау үйірмесіне қатысқан оқушы ән де айтады, волейбол спортына да қатысады. Сынып жетекшісі Молдахмет Бақытгүл мәнерлеп оқуларға апарып жүргенін есіне алды.
Рахим Гауһартас мектептің іс-шараларына белсенді қатысады. Волейбол командасының қыздар тобының капитаны, мектепішілік газет шығаратын бала поэзияны ұнатады. Жас ұлан» ұйымының журналисті. Газет шығарады. Өлең жазады. Эссе жазудан да байқауларға қатысып жүрген өнерлі бала. Биологиядан жоба қорғап, бірінші орынды жеңіп алғанын, «Жыр алыбы – Жамбыл» облыстық деңгейде бірінші орын алғанын, поэзияны, мәнерлеп оқуды ұнататынын айтады. Жуырда Қарағанды қаласындағы гуманитарлық колледжде ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына 50 жыл толуына байланысты, жүлделі орын алғанын қуана жеткізді.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектептерде дайындалады. Еліміздің тізгініне ие болып қалатын жастар сапалы білімді, саналы тәрбиені толыққанды сіңіруі керек. Осы жолда бір мақсатта бір жұдырық болып жұмылған ұстаздар қауымы өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауда. Осы мектептің ұстаздары мектеп табалдырығынан аттаған әрбір балаға жанашырлықпен, халқының үмітін ақтар азаматы деп қарап еңбек етуде. Бір сыныпта оқитын үш бірдей оқушының осы кезге дейін білімін, өнерін шыңдап, спортқа деген көзқарасын қалыптастыра алғанын аңғарамыз. Тек осы оқушылар емес, олармен парталас балалар да бүгінгі таңда ұстаздың көмекшісіне айналған жандар деп ойлаймыз.
Ұлы Абай «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Бүгінгі таңда соңымыздан ерген ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы жолда мектеп ұжымы аянбай еңбектеніп жүр.
Санасы сергек, заманауи технологияны меңгеріп алған, спортқа да, өнерге де, шығармашылыққа жақын адам қай заманда болмасын алдыңғы қатардан табылары сөзсіз.
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңінде жастар бойына рух себуге талпынғаны сөзсіз. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты – біздің мектеп партасында отырған жастарымыз.
Ендеше, ата мен ананың, ұстаздың сіңірген білімімен қаруланып, үлкен жетістіктер шыңында көруге жазсын сіздерді.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде: Р.Гауһартас, І.Бөкенова, З.Жұмақаева.