taza-kaz

Фейк: «Референдумдағы бюллетеньдер бойынша қазақ тілін меңгерген тұрғындардың пайызы есептелетін болады»


01.06.2022 09:26

Әлеуметтік желіде референдумда қазақ тіліндегі бюллетеньді талап етуге шақыратын ақпарат таралуда. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақ тілді және орыс тілді халқының пайызы есептеледі екен. Бұл фейк.

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп өз Facebook парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

–"Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын", – деп жазды Нұртөре Жүсіп.

Республикалық референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігі БАҚ-та түсіндірілді. Азаматтар таңдалған жауапқа кез келген белгі қоюы керек. Бюллетеньде Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты бір ғана сұрақ болады.

@stopfake_kz



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?