taza-kaz

Дауыс беруге шақырамын


28.05.2022 08:38

29 сәуірде Президент Қ.К.Тоқаев бүкілхалықтық референдум арқылы конституциялық реформа жүргізуді ұсынды. 5 мамырда Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Онда Конституцияға енгізілетін үлкен өзгерістер туралы айтылған, яғни 31 бапқа түзетулер мен 2 жаңа бап арқылы толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Конституциялық реформаның саяси мәні - бұл суперпрезиденттік биліктен Конституция негізінде Президенттік басқару нысанына көшу.

Өз мәні бойынша Конституцияның жаңа нұсқасы Қазақстанның билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылының сапалы моделіне көшуін, жаңа саяси мәдениеттің орнығуын, Президент өкілеттіктерінің қысқаруын, Парламент пен мәслихаттар рөлінің күшеюін, халықтың елді басқаруға қатысуының кеңеюін, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуін білдіреді.

Осындай тағдырлы шешімді Президент халықтың пікіріне сүйене отырып, қабылдауды жөн көрді. Мемлекет басшысы бізге сенеді.

Мен басталған президенттік реформаларды толығымен қолдаймын және аудан тұрғындарын 5 маусымда өз сайлау учаскесіне келіп, баршамыздың болашағымыз үшін дауыс беруге шақырамын.

А.Әли,

Бұқар жырау аудандық мәслихатының

 хатшысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?