
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Нарыққа қадам жасады
Ер адамдардың сапалы қысқы аяқ киімін енді Жаңақала ауылында да сатып алуға болады. Ауылда тұратын Қазымовтар отбасы осы істі қолға алып, нарықтағы алғашқы қадамдарын бастады.
Қазымов Жарқын Жаңақала ауылының тумасы. Осы ауылда отбасымен тұрады. Кентіміздің орталығындағы ғимаратта шағын аумақты жалға алып, адамдардың аяқ киімдерін жөндеп, алғыс алып жүрген азамат. Жарқын бала кезінен сөйлемейді. Жан жары Ардақ та ыммен сөйлейді. Балалары Қаныш пен келіні Айшамен бірге тұрады. Екеуі де тігіншілер, Жарқын сурдоаудармашылық курсты бітіріп алып, қоғамымызға пайдалы азамат болып жүр. Жеке кәсіпкерлік ашып, қызу жұмыс жүргізіп жатқан отбасының мүшелері қандай да қиындықтарды жеңуге дайын. Осы ауылда осы отбасының тіккен етіктерін төрт-бес адам алып үлгеріпті.
- Бұл толығымен қолдан жасалатын өнім. Дүкеннен алған аяқ киімдердің табаны қағаздан жасалады. Біз аяқ киімнің табанына таза былғары саламыз. Мына сиырдың терісі аяқтың қалыбын сақтайды, демалатын материал, аяқты суландырмайды. Менің бала кезімнен әкем 35 жылдан бері осы іспен айналысып жатыр ғой, мен де тігін ісін жете меңгеріп алдым. Жұбайым екеуміз өндірісте қаптар тігетінбіз. 2022 жылы ата-анамыздың қасына көшіп келдік. Ибраһим және Айжарқын атты балаларым, Алматыда тұрмыста апайым мен 9 оқитын бауырым бар. Апайым Алматыда сурдоаудармашы, - дейді Қаныш.
Жарқынның жүзі жылы, адамдармен қағазға жазу арқылы түсініседі. Жұмысын сапалы жасайды. Бүгінгі таңда отбасында үлкен даму, өрлеу жүріп жатыр екен. Жарқын мен оның жұбайы, баласы мен келіні аудан тұрғындарына ер адамдардың етігін тігіп, сатуды қолға алыпты. Оның алдында ер азаматтарға арналған белбеулер тігіп, тұрғындарға сатып жүргенін айтады баласы Қаныш.
Жарқын еңбекқор, тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып жүрген азамат. Жұмысында адал, өзінің тұрақты адамдары бар. Біреуді алдап кетейін, одан көбірек ақша алып алайын деген ойында жоқ. Осы кәсібімді адал атқарып, отбасыма кіріс кіргіземін деп өмір сүріп жүрген жан.
Мансап орталығы басшысының міндетін атқарушы Диана Болатова былай дейді:
- Арнайы жұмыс орындары ережесіне сәйкес жұмыс беруші Қаныштың жұбайы Айша,
осы үйдің келіні енесі Ардақ Толқынқызына жұмыс беріп отырған кәсіп иесі болып табылады. Аудандық Мансап орталығы осы отбасымен келісім жасап, үш жылға дейін мүгедектігі бар адаммен арнайы жұмыс орынын ашу туралы шарт жасасты. Бірінші жылы 102 900 теңге, екінші жылы 95 550 теңге, үшінші жылы 60 пайыз еңбекақы алып еңбек етеді, - дейді.
Бұл өнердің қыры мен сырына жетік отбасының барлық мүшелері енді аудан орталығынан жер алып, ғимарат салып, цех ашып, етік тігіп, былғары белбеулер жасаумен т. б. айналысып, тұтынушыларға сатумен айналысқылары келетінін айтады. Жұмыс істеу үшін керекті материалдарды Қаныш қаладан сатып алып келеді екен.
Ақ жарқын баласы Қаныш осы күні үйіне келген қызметкерлерге отбасының өмірі мен еңбек жолынан көптеген ақпараттар берді. Он саусағынан өнер таматын шебер, әкесі Жарқын сырттан біреу келіп, маған жұмысымды істеп береді демей, қандай да жөндеу жұмыстары болса, өзі-ақ істеп алады екен. Үйінің төбесін ашып тастап, көтеріп, әдемі қылып жауып алыпты. Құлап қалған іргесін көтеріпті. Ағаштан жиһаз жасаумен де айналысыпты. Алайда, заман талабына сай үлкен сұранысқа ие аяқ киім тігіп, нарыққа шығарамын деген шешімге келгенін айтады. Ауылда жасы үлкен Сапар деген кісіден осы өнерді үйренді дейді.
Шаңырағының ішінде жылылық, тазалық, реттілік, кішкентай бүлдіршіндердің сыңғыр күлкісі орын алған. Үйдің ішіндегі бумен жылынатын пешті де үйге шаң кірмейтіндей етіп, сырт жақтан күлін алатын етіп жасаған. Өзінің құрал-жабдықтарын орналастырған шеберханасы, етік тігуге арналған ескі және жаңа, заманауи тігін машинкалары да өз орнында. Аяқ киім тігуге арналған қалыптары да бар. Ал оларды престеуге қажетті құрал-жабдықтарды ақша шығарып сатып алмай, көзбен фотоға түсіріп, сканерлеп, өзі жасап алады дейді баласы Қаныш. Аяқ киімді қалай тігетінін, ішіне салатын былғарыны көрсетті, барлық процесті түсінікті, қызықты қылып, келгендерге әңгімелеп, айтып берді. Бір үйдегі барлық үлкен адам аяқ киім тігу ғылымын игеріп алыпты деп айтуға болады. Өнімімізді Каспий арқылы бөліп төлеуге болады, бізде барлығы заңды дейді Қаныш.
- Қазір үкіметіміз кәсіп иелерінің еңбегін субсидиялайды, гранттар береді. Осы көмекті біз де алып, кәсібімізді кеңейтсек дейміз, - дейді.
Қазіргі кездегі аяқ киімдердің дені сапасыз екенін бәріміз білеміз. Қысқы аяқ киімдер тез суланады, қандай материалдан жасалғаны белгісіз, табанында аяқтың қисайып кетпеуіне әсер ететін құрал салынбайды, бір сөзбен айтқанда бұндай аяқ кимі бір кезеңнен артық киіс бермейді. Жалғыз аяқ киім емес, барлық өнімдердің сапасы төмен. Аяқ киімге деген тұрғындардың сұранысы жыл он екі ай бойы байқалады.
Осыны сезінген, қолға алған Жарқын мен отбасының тілегіне аудан басшылығы түсіністік танытып, қолдау көрсетеді деп ойлаймыз.
Қ.Ахметова