
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Заманауи технологиялар
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
«Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің бірлескен жобасы ауыл мектептеріне бірнеше жыл бойы жаңа тыныс беріп келеді.
Биыл жобаға 56 мектеп қосылды. Оларды дамытуға бағытталған кешенді жұмыс үш бағытта жүргізіледі.
Біріншісі – мұғалімдердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу арқылы ауыл баласы алатын білім деңгейін арттыру. Бұл бағытты Назарбаев зияткерлік мектептері іске асыруда.
Екінші бағыт – материалдық-техникалық базаны жаңарту. Осы мақсатта «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры мектебімізді 250 млн теңге құрайтын жабдықтармен жабдықтады. Жоба аясында мектебіміз толық жаңартылды. Осы жұмыстың арқасында химия, физика, биология лабораториялары, STEAM, TV-студия, арт-студиялары да ашылды.
Үшіншісі – мектептерді әдістемелік сүйемелдеу, осы бағыттағы жұмыс 3 жыл көлемінде жүргізіледі. Ауыл ұстаздары осы аралықта аймақтағы зияткерлік мектептерімен тұрақты қатынас орнатып, білім беру әдістерімен жетілдіруге мүмкіндік алады.
Биылғы 56 мектеп жобасына Қарағанды облысы бойынша 2 мектеп қосылды. Нұра ауданы Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі мен біздің Бұқар жырау ауданы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ. Осылайша, биыл тірек мектептер желісі 135-ке жеткен.
Осы бағыттар аясында «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ өсу нүктесі базасына 26-қараша күні Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» педагогтері ауылдық тірек мектептерінің жұмысына үздік мектеп тәжірибесі мен ресурстарын анықтау және қолдау мақсатында келді.
Мектеп директоры Е.Р.Жетпісбаев мектебімізге келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, бүгінгі жұмыс барысына сәттілік тіледі. Ауыл мектептеріндегі барлық мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, оқуды жақсарту үшін қажетті инновациялық ресурстарды қалыптастыру және мұғалімдер мен мектеп басшыларының кәсіби қауымдастығын құру болды. Химия, физика, биология, математика, сынып жетекшілермен және кітапханада тренингтер өткізіп, сабақтарға қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша мектеп үйлестірушісі А.С.Қужақова іс-шараға бірлесе ат салысқан әріптестерге ризашылығын білдірді. Ынтымақтастық ортасы, тренингтер, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ынталандырулар жасалды. Мұғалімдер барлық шараға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, кері байланыс жасалды.
А.Қужақова,
«Сұлтанмахмұт Торайғыров
атындағы ТМ (РО)» КММ
директордың оқу ісі бойынша
орынбасары