taza-kaz

Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру


02.12.2024 16:50

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыруда Бұқар жырау ауданының «Жол картасы» аясында 2024 жылдың 22 қарашасында «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ өсу нүктесі базасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы - ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. 

Іс-шараның мақсаты - бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.

 

Белгіленген уақытта мектеп ұжымы семинарға қатысушыларды қарсы алып, тіркеп,  «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» көрмесімен таныстырды. Онан соң «Біріңғай тәрбие бағдарламасы – ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру» тақырыбындағы бөлімде мектеп директоры Е.Жетпісбаев семинардың ашылуында сәттілік тілеп, келген әріптестерге ізгі тілегін білдірді.

Кез келген семинар жұмысында түрлі тақырыптардағы сабақтар өтеді. Осы күні С.Торайғыров тірек мектебінде Нысанбай жыраудың «Кенесары -Наурызбай» дастаны туралы, «Халқымыздың салт-дәстүрлері» сабағы, «Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер», «Металлдардың қасиеті» сабағы, кіре беріс фойеде «Бес асық» шеберлік сабағы өтті.

 

Дәурен Ерубаев – Жаңақала ауылындағы мектептің мұғалімі. Дене шынықтыру сабағынан дәріс береді. Бұл мектепте балалар үшін спорт залы жоқ. Алайда, мектеп балаларының денелерін, сонымен бірге ақыл-ойларын дамыту үшін қолынан келгеннің барлығын жасап жүрген ұстаздың атқарып жүрген қызметі елеулі.

 

Қазіргі таңда асықты көп балалар ойнай қоймайды. Көбі қолдарына ұялы телефон ұстап, ондағы ойындарды ойнайды. Оның барысында ешкіммен сөйлеспейді, маңайында не болып, не қойып жатқанына назар аудармайды. Осындай жағдайда біздің балаларымыз өсіп жатыр. Бұндай балалардан сезімсіз, ештеңеге құлқы жоқ балалар өсіп шығады деп ойлаймыз.

Дәурен Советұлының өткізген сабағынан өзіміз үшін көп ақпарат алдық. Алып келген оқушылары асықтың көмегімен қаншама ойындар ойнады, сайыстар өткізді.

Мектептің тарихи-өлкетану мұражайына да қонақтар саяхат жасады. Экскурсовод, мектеп оқушысы Айзия Болатова мұндағы әрбір жәдігерге тоқталып, мектеп басшылығында болған адамдар, мектеп мақтаныштары туралы ақпарат берді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолына тоқталды, тағы да басқа ақпараттар берді.

 

Семинарға Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.Түртбаева, әдістемелік кабинеттің әдіскері А.Тілеубаева, Ахмет Байтұрсынұлы  құзыреттілік орталығының үйлестірушісі Б.Құлмақова және өсу нүктесіне қарасты  базалық мектептер қатысты.

Іс-шара барысында бастауыш және орта мектептерде оқыту әдістерін жетілдіру және оқушылардың негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдіру, сондай-ақ оқуды бағалау, ұлттық құндылықтар, педагогикалық тәсілдерді дамыту сәтті қолданылды.

 

Ашық сабақтар, шеберлік сабақтары, шығармашылық кабинеттер көрсетілді. Ә.Сәрсекеева, Ә.Адамьянова, Н.Хуанган өткізген ашық сабақтардан жасампаздық пен жаңашылдық байқалды.

STEM-технологиясы бойынша өткізген шеберлік сабағында физика пәні мұғалімі Н.Сейітов, мұғалімдер арасында шеберлік сабақтарын -  география пәні мұғалімдері Д.Мұхтарова, А.Жанарыс, А.Тілеубек, «Ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын жасампаздық пен жаңашылдыққа баулу» бойынша Е.Қадылмұрат өткізді.

«Жасындай өткен ғұмыр» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы бойынша А.Алданыш шолу жасап, Д.Төлеутаева ақынның «Қамар сұлу» романынан үзінді оқыды.

Семинар нәтижелі болды. Семинар қорытындысы бойынша мектеп үйлестірушісі А.Қужақова семинарға бірлесе ат салысқан әріптестерге ризашылығын білдірді.

Ынтымақтастық ортасы, ситуациялық ойындар, шығармашылық қабілеттерін ашуға ынталандырулар жасалды. Мұғалімдер барлық шараға  белсенді қатысып, сұрақтар қойып, кері байланыс жасады.

Биылғы жазда мектеп жаңа дүние-жиһаздармен, құрылғылармен, оқушының сабақ оқуға керекті барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етілгенін айта кету керек.

 

 

Өмір сүріп отырған ғасырымыз білім мен жаңашылдықтың ғасыры. Осы жаңа лепке үн қосып отырған С.Торайғыров тірек мектебінің ұстаздары мен осында қонақ ретінде келген ұстаздардың тәжірибе алмасу шарасы көңілге қонымды жағдайда өтті. Ақтарылған ақ тілектерде шек болмады.

Тек мемлекет тарапынан жасалып отырған осы жақсылықтарды жас ұрпақ бағаласа, өзінің де білімге деген ынтасын танытса демекпіз.

 

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?