
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
1000 мектеп жаңғыртылады
2025 жылға дейін тағы 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды.
Осы ретте 2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады, 574 мектепте жиһаз жаңартылады, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады деп күтілуде.