
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Qanat – арманға жету жолы
Түлектері әлемнің 15 елінде білім алып отырған IQanat білім беру жобасында жерлесіміз, Үштөбе тірек мектебінің 8-сынып оқушысы Айжан Қанат топ 100 үздіктер қатарына енді.
IQanat– 150-ден астам қазақстандық кәсіпкерлерді ауыл балаларын қолдау ниетімен біріктірген республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы. Бұл жобаның арқасында ауылдық мектептердің дарынды оқушылары дараланып, мыңдаған түлек мотивация мен қосымша білім алады. Жоба таңдаған үздіктер Қазақстанның және шетелдің мықты университет- теріне грантқа оқуға түсуде. Бұл жоба талай ауыл оқушысының бағын ашты, жұлдызын жақты десек болады.
Биылғы жылғы IQanat-2024 олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстан Үкіметінің өкілдері, ІQanat құрылтайшылары, қамқоршылық кеңестің өкілдері қатысқан олимпиада қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен 60 мыңнан астам бала қатысты. Екі кезең өткен олимпиада финалына 1000 оқушы ғана шықты. Алматы қаласында өткен қорытынды тестілеуге Қарағанды облысынан 21 финалист барып, тек екі оқушы ғана топ 100 үздіктер қатарына енді. Оның бірі Үштөбе тірек мектебінің оқушысы Айжан Қанат есімді аруымыз.
- 2023-2024 жылғы оқу жылы мен үшін табысты болды. Түрлі олимпиадалар мен жарыстарға қатыстым. Ғылыми зерттеулер мен жобалар жазу мен үшін әркез қызықты. ІQanat олимпиадасының ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерінен өтіп, қорытынды тестілеуді Алматы қаласында тапсырдым. Тестілеуден бөлек мотивациялық, қаржылық сауаттылыққа қатысты тренингтер, ғылыми практикалық жұмыстар, республика бойынша танымал тренинг жүргізушілерімен кездесулер өтті. Іqanat мектебіне оқуға түсу менің үлкен армандарымның бірі. Және де мен осы жылы сол арманға қол жеткіздім. Мен ауылдық жерде тұрсам да әркез өзімді дамытуға барымды саламын. Сыныптастарымды қолдап, шабыттандыруға тырысып, әркез ауылдастарымды мақтан етіп жүремін. Өз елімді жақсы көремін және оны дамытуға бар күш-жігерімді саламын, - дейді Айжан Қанат.
Өз сыныбының үздігі Айжан Қанат әр бағытта олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Биылғы жылы математика, тарих, физика, ағылшын пәндері бойынша ауылдық, аудандық, обылыстық жарыстарда жүлдегер атанып үлгерген. ІQanat олимпиадасында 100 үздік ішінен 16 орыннан көрінген Айжанның бұл жетістігі мақтанарлық нәтиже. Сондай-ақ білімді аруымыз каратэ, үстел теннисі, волейбол, көркем гимнастикамен айналысып келеді. Каратэдан болашағы зор аруымыз келер жылы қара белбеу дәрежесіне шығуды жоспарға алып отыр.
Келер жылы ІQanat мектебінде оқуды жоспарлап отырған Айжан Қанаттың ауылының ғана емес, ауданымыздың, еліміздің үлкен мақтанышы боларына сенеміз.
Б.Жакешова