
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жаңа технологияны тиімді пайдалану
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс- тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. (Мәлік Ғабдуллин.)
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз - қандай да болсын істегі шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы» - деп түсіндіреді В.Кларин. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.
Жаңа технологиялардың басты міндеті - оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- Оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
- Оның ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
- Пәндік білім стандартымен жете танысу;
- Білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамып, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру болу керек. Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар мектеп қабырғасында меңгерген білімдерін колледжде одан әрі ғылыми-практикалық түрде дамытады. Осы мақсаттың орындалу жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді әрі оқушылардың практикалық, лабораториялық жолмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, текстпен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын қалыптастыра алады.
Оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектеседі. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.
Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын - ұстаз.
«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман». Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымның тұғырының биік болуымен өлшенеді. Білімді игілікке жарата білу инемен құдық қазғандай, орасан қажыр-қайрат пен ерік жігерді қажет ететін еңбек арқылы келіп жетеді. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімді болу қажет. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді, еңбектенуді тоқтатса оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқан болатын.
Мақсатым - сапалы білім негізі жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға кітаптан таба алмайтын сұрақтардың жауабын табуға білім беру.
Міндетім - оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу. Сонымен қатар 45 минут қызық әрі тартымды жаңалыққа толы болуы керек. Сондай-ақ, «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деген Ахмет Байтұрсынұлының айтып өткен өсиетін өзіме міндетім деп санаймын.
Жаңа заманға сай, иновациялық технологияның мүмкіндіктері қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының мазмұн тереңдігін қалыптастыру бағытында заманауи білім беруді қамтамасыз ету, сабақ барысында нәтижеге бағытталған білім беру жүйесін жасау, сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануда оқушыға оң әсерін береді. Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу – бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, оқушы оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, есінде сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы – оқушыны белсенді әрекетке тарту. Оқыту үдерісінде тұлға зерттеу тақырыбына, талқыланатын мәселеге, жағдаятқа белсене араласып, сәттілікке қуанып, сәтсіздікке реніш білдіріп отырса ғана оның ішкі уәжі оянады. Интербелсенді әдіс. Интербелсенді және белсенді әдістер арасында ұқсастық болғанымен, олардың өзара ерекшеліктері де бар. Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс. Басқаша айтқанда, белсенді әдіске қарағанда студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең көлемде әрекеттестікте болулары шарт және оның белсенділігі басымдылыққа ие.
(Жалғасы бар).
Зура Шушаева,
Ростовка тірек мектебі
(ресурстық орталығы)