- Оқиғалар
- Айдарлар
- Мерейтойыңмен, газетім!
- Реформа өміршең өзгерістер
- Балалар жылы
- Елбасы
- Халық санағы
- Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
- COVID
- Жолдауға - қолдау
- Аудандық әкімдікте
- Қазақстандықтар табыс жолында
- Патриоттық тәрбие
- Мемлекеттік тіл – менің тілім
- Мемлекеттік қызметтер
- Құқықтық тәрбие
- Ақпараттық топ жұмысы
- Ардагерлерге - құрмет
- Еңбек адамы
- Деніңіз сау болсын
- Тұрғындар назарына
- Мектеп өмірінен
- Ауыл хабарлары
- АӨК және бизнес
- Рухани жаңғыру
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
- Biz birgemiz
- Ресми
- Кәсіпкерлікті дамыту
- САЙЛАУ
- Дін
- Жемқорлықпен күрес
- Референдум
- Аудан жаңалықтары
- Истории успеха
- Тағы
Кішкене елді мекеннің үлкен мәселелері
Новоузенка ауылдық округі мен Пришахтинск елді мекенінің аумағында атын алғаш рет естіген Каменный деп аталатын карьер бар екенін жуырда білдік. Басқаша Асфальтная көшесі деп те аталады.
Бұл жер ешбір елді мекеннің қарамағына кірмейді екен. Тұрғындарының шақыруы бойынша сәуір айының 12-жұлдызында Бұқар жырау ауданының әкімі А.Сұлтанғали, аудандық мәслихат төрағасы А.Әли, Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі М.Сыздықов, мекемелер мен бөлімдер басшылары осы жерге келіп, тұрғындармен сұхбат құрды.
Кезегімен сөз алған үлкенді-кішілі ауыл тұрғындары мынандай мәселелерін ортаға салған еді.
Ауылға келетін жолдың сапасы өте нашар. Өйткені шұңқырлар өте көп. Жолда грейдер жоқ екендігін айтады тұрғындар ренішпен. Тұрғындардың біршамасы электр жарығын тұтынғандары үшін төлем жасамайды, тіпті ауылдан көшіп кеткен адамдар бар екен. Ал олардың қарыздары қалып қойған. Енді ауылдықтарға электр энергиясын қию қаупі төніп тұр екен. Тұрғындар жарықсыз қалудан қорқады.
Ауылда бағусыз мал жүріп, көшелерді былғатады. Қаңғыбас иттердің де мәселесі орын алған. Ауыл малының денсаулығын қадағалау үшін Жаңаөзен ауылынан мал дәрігері келіп жүреді. Ауылдың ішінде түнгі жарық орнатылмаған.
Ауыл тұрғындары сапалы су ішу үшін өздерінің жандарынан қаражат шығарып, су жиналатын мұнара жасап, оған қажетті жабдықтар алып, бүгінгі таңда өздерінің күшімен ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр екен. Ауылдықтар сонымен бірге отбасы мүшелерінің туыстарының үйінде - бірі Теміртауда, бірі Пришахтинскіде, бірі Қарағандыда тіркеуде тұрғанына ренжиді. Кейде қай баламыз қай жерде тіркеуде тұрғанын ұмытып қаламыз деген реніштерін айтады. Ауыл оқушылары Пришахтинск қаласына автобуспен тасылып, оқу оқиды екен.
Бұрнағы жылдары ауылдың бір белсенді азаматының атына су мұнарасы ресімделген. Алайда, ол кісі бүгінде өмірде жоқ, енді мұнара жаңа адамның қарамағына өтуі керек.
Міне, елді мекен тұрғындарының жанайқайлары осындай. Олар да басқа жердің адамдары сияқты ресімделіп, дұрыс өмір сүргісі келетіндерін айтады. Ауылда 50-ден аса бала бар. Оларға ойнайтын алаң керек екенін айтады бірауыздан.
Аудан әкімі Абылай Қайратқалиұлы:
- Бұл жерде әкімшілік мәселе орын алып тұр, ең алдымен елді мекен заңдастырылуы керек. Елді мекен ешкімге тиесілі емес. Сондықтан аудандық мәслихат кезектен тыс сессия өткізіп, сессияда елді мекенді ауданның балансына, онан соң юстиция тіркеуге алады. Елді мекенді Севан елді мекенінің құрамына алуға шешім шығарылады. Бұл процедураның әрқайсысының өзінің заңды мерзімі, уақыты бар, ауылдың электр жарығын қызмет берушімен кездесіп, сұхбат құрып, маусым айына дейін қалыпты ұстап тұрамыз. Онан соң «Қарағанды Жарықтың» қарамағына кіресіздер. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің көмегімен үйлеріңізге құжат жасатып, үйлеріңізге тіркеуге отырып, қалыпты өмірге келесіздер, - деді.
Міне, сәуір айының бір ызғарлы күні іссапармен барған мәселенің ағымы осындай болды. Жаңа технологиялар мен цифрландыру заманында осындай елді мекеннің барына таңғалдық. Қаншама қиын болғанына қарамастан, тұрғындар отбасын асырау үшін, керек-жарақпен қамтамасыз үшін қалаға қатынап жұмыстарын істеп, үйде қалғандары малын бағып, бау-бақшасын баптап, күнделікті күйбең тіршіліктерін атқарып жатыр. Ауылдың маңында ауданымызға қарасты «Дорстрой» ЖШС қиыршық тас өндіруде.
Шағын ғана елді мекенде көптеген мәселе орын алып тұр. Аудан билігі ауыл тұрғындарына ендігі қалған уақытта шыдамдылық танытуды сұрады. Енді ауылдықтар бар мәселенің оңымен шешілгенін асыға күтеді.
Қ.Ахметова