
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Оқылым дағдыларын дамыту
Бұл тақырып орыс тілі мен әдебиеті сабақтарынан білім алушыларға қатысты.
Тілді екінші тіл ретінде оқып - үйренудегі басты мақсат – тілдік дағдыларды дамыту екені белгілі. Тілді үйретуде тілдік дағдылардың түрлері – оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылымды қатар дамытып отыру маңызды болып табылады. Тілдік төрт дағды оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.
Осы дағдылар арқылы оқушы өзгелермен пікір алмасып, еркін қарым-қатынас жасауға, өзіндік көзқарасын білдіріп, өз ойын еркін, сауатты жеткізе алуына, қажетті ақпаратты тиімді қолдануына ықпал етеді. Сонымен қатар, олар ақпаратты оқып, тыңдап қана қоймай, өзіндік қорытынды жасап, сыни тұрғыдан бағалай білуге қол жеткізе алады. Аталған төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым дағдысы. Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі қосымша және детальді ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдау және түсіне білу десек, осы арқылы керек мәліметті жинақтаған білім алушы оны қажетіне жаратады, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамытады.
Өзге тілді үйретуде мұғалім өзінің жұмысында әдіс-тәсілдерді орынды қолданған жағдайда үлкен жетістіктерге жете отырып, оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылықтарын арттыра алады. Тілді үйренуде сөздікпен жұмыс істеу ерекше рөл атқарады, жаңа сөздерді үйрене отырып, олардың сөздік қорлары дамиды. Жекелеген сөздердің мағынасын тануға ұмтылып, мәтіннің жалпы мазмұнын ұғуға тырысады. Сондықтан оқылым әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін зерттеу, тіл үйренушінің оқу техникасын дамыту жолдарын айқындау, оқылым мәтіндеріне қойылатын талаптарды айқындап, соңғы мақсатты нәтижеге жетуге ықпал ететін мәтінмен жұмыс түрлерін зерделеу, айқындау бүгінгі күнде аса маңызды болып отыр.
Оқушы тілді үйренуде оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін жинақтайды, саралайды, тұжырымдайды. Кез келген тілді меңгеру үшін оқу үдерісі кезінде тілдік дағдының барлық түрін қамтуы орынды болып табылады. Ол үшін оқылым мәтіндерін оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарына қарай сәтті таңдаған жағдайда оқылым алды және оқылым соңындағы тапсырмалардың жүйесін дұрыс ұйымдастыру қажет болады. Сол кезде ғана оқылым дағдысын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар өз мақсатына жете алады.
Өз тәжірибемде білім алушының оқылым дағдысын дамытуда оқытудың жаңаша тәсілдерін тиімді қолданамын. Сабақ барысында «Жылдам оқу техникасын», «Нейро жаттығуларды», «Графикалық диктантты» да орынды қолданамын.
Тіл үйретуде тыңдалым дағдысының маңызы да ерекше. Әрине, тілдік дағдының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Бірақ оларды тек бір-бірімен тығыз байланыста қолдану арқылы ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алатынымыз анық.
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады.
Тыңдалым дағдысы бойынша білім алушының:
- негізгі ойды түсіну;
- ақпаратты анықтау;
- түсінгенін практикада қолдана білу;
- ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;
- ой қорыта білу дағдылары дамиды.
Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым игере алады) айтылып жатқан мәліметті түсінеді, өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады, тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды, көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Дегенмен, «Тыңдай білу – ұлылық», «Тыңдалмаған сөз жетім» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Тыңдалым – тілдік дағдының ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып, өзіміздің серіктесімізден қажетті ақпараттарды аламыз. Тыңдалым дағдысын басшылыққа ала отырып әр сабағымда тақырыпқа сай аудиожазба арқылы тапсырмамен жұмыс орындатып отырдым. Оқушы бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыруда оқытудың жаңа әдістерін үнемі пайдаланамын.
«Көлеңкесін тап немесе сәйкестендір» әдісі. Бұл әдісті көбінесе халқымызға тән ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру мақсатында қолданамын. Бұл әдісті ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, төрт түлік туралы мәтіндермен жұмыс жасағанда орындатамын. Оқушылар мәтінді тыңдап болған соң тапсырманы орындайды. Оларға мәтінге сәйкес суреттер беріледі, олар суреттердің қазақша баламасын айта отырып, көлеңкесін тауып, суретті орнына қояды. Бұл жұмыс барысында оларға белгілі бір уақыт мөлшерін белгілеймін. Олар осындай жұмысты ерекше ынта-ықыласпен орындайды. Сөздердің қазақша баламасын түсіне отырып, дұрыс орналастыру арқылы ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін толықтырады.
«Синонимдерді тап» әдісі. Оқушыларға сөздер ұсынылады. Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар, тапсырманы жылдам және дұрыс орындауға талпынады.
«Фри таяқшалары» әдісі. Оқушылар тыңдалым мәтінінен соң берілген сұрақтарға жауап бере отырып, фри қораптарын таяқшалармен толтырады. Бұл әдісті өздерінің жасаған жұмыстарын бағалау үшін қатар қолданамын.
Білім алушының тілдік дағдыларын қалыптастыруда белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты болған жағдайда оқу үрдісінде еңбегіміздің нәтижесін көре аламыз.
Г.Шулаева,
Көкпекті ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі