
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тазалық – денсаулық кепілі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне сенбіліктерді бастап, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде облыстар мен қала әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін сенбілік науқандарын бастап, жолдарды ретке келтіруді жүктеді. Сондай-ақ, Президентіміз сенбіліктерге тұрғындар мен еріктілерді тарту маңызды екендігін атап, елді мекендердің таза, әрі көрікті келбеті болуы әкімдердің қызметін бағалайтын тағы бір көрсеткіш екендігін айтты.
Осыған орай Президент тапсырмасымен 8-сәуір күнінен бастап республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
Науқан 5 аптаға созылады. Әр апта өз ерекшелігімен маңызды. Яғни, әр аптаның өзіндік тақырыбы, нақты мақсаты бар.
Науқанның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері өздеріне белгіленген аулаларда тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Екінші апта 20-сәуірге дейін жалғасады. Бұл аптаға «Киелі мекен» атауы берілген. «Киелі мекен» күндері тарихи-мәдени ескерткіштер аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
27-сәуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» атауы қойылып, бұл апталықта ағаш көшеттері отырғызылады және ағаштар әктеледі. 4-ші мамырға дейін жалғасын табатын «Өнегелі ұрпақ» аптасында ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек беріледі.
«Мөлдір бұлақ» атауындағы соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
Ауданымыз бойынша «Таза Қазақстан» акциясын қолдаушылар қатары көп. Әсіресе еріктілер қатарындағы белсенді жастарымызды атап өтсек болады.
- «Таза Қазақстан» науқанына Ақбел ауылының еріктілері белсенді қатысады. Біз ауылымызды тазарту үшін барлық ниеттес тұрғындармен бірігіп сенбілікке шығуды жылдағы дәстүрге айналдырдық. Биылғы жылға ауылдың белсенді тұрғындары болып алғашқы сенбілікке шықтық. Тазалық жұмыстары үлкен, кішіге қарамайтын барша азаматтарға ортақ жауапкершілік деп ойлаймын. Тек тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тәртіпке бағынып мемлекеттің біздің игілігіміз үшін жасаған құнды орындарына, өзіміз тұрып жатқан үйіміздің ауласына ұқыптылықпен қарау біз үшін қажет, - дейді Ақбел ауылдық «Кереге» еріктілер тобының мүшесі Абай Жаппаров.
Осы тұрғыда жалпы еліміз бойынша жастардың отанға деген сүйіспеншілігін оятып, айналамызды жасыл желекке айналдырып, тазалықтың сақталуына өз септіктерін тигізіп жүрген «Жасыл ел» бағдарламасын айтпасақ болмайды. Жастарды еңбекке баулып, айналамызда тазалық орнатып, жасыл желекке толтыратын бағдарламаға тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр. Аудандық жастар ресурстық орталығының берген ақпараты бойынша биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасымен аудан бойынша 200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Осы тұрғыда әркез ақыл-кеңесін беріп отыратын аузы дуалы қарияларымыздың пікірі біз үшін маңызды. Себебі, жастарға ақыл айтып, бағыт нұсқаушымыз - үлкендеріміз.
- Біздер жастарға бала күнінен-ақ табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауды үйретуіміз керек. Әлем қоқыстың құрсауында қалып қоймасы үшін сенбіліктер, тал егу, гүл егу маңызды. Бұл жұмыстарға неқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткені қазір шірімейтін тұрмыстық қалдықтар көп. Олар жер анаға зардап әкеледі. Біз табиғатты аялаған сайын, жерден алатын өнімдеріміз молайып, денсаулығымыз жақсара түсері анық, - дейді Баймырза ауылының тұрғыны Меңтай Көбелдес.
Сенбіліктерге шығып қана қоймай, толығымен жылдың қай мезгілі болса да өзіміз тұратын өлкені таза ұстау мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ауданымызда жүргізіліп жатқан әр сенбіліктерді қолдап, үлесімізді қосудан бөлек, тазалықты қалпында сақтауды, көріктендіруді өзіміздің азаматтық борышымыз деп қарауымыз қажет. Ауданның келбеті мен көркі сәнді үйлер, жасыл желек пен түрлі-түсті гүлдер толы саябақпен өлшенбейді. Тазалық аудан ажарын ашады. Сол себепті қоқыс, құрылыс, тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленбеген жерге ретсіз тастаудан аулақ болайық. Тазалық тек сенбілікке шығумен шектелмейтіндігін ескеру қажет.
Б.Жакешова