taza-kaz

Инвестиция тартылуы қажет


01.03.2024 11:10

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Инвестициялық штаб отырысында 2024 жылға арналған инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы қаралды. Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы инвестицияларды ынталандыруға бағытталған шаралар туралы есеп берді. Оң нәтижелер көрсететін сауда нарықтарын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар отырыста 2023 жылы іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы бойынша жұмыс барысы талқыланды. Өткен жылы пул аясында 1,78 трлн теңгеге 298 жоба пайдалануға беріліп, 26,2 мың жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық пул санын ұлғайтуға және мемлекеттік органдардың іске асыру мерзімдерін өзгертпей жұмыс істеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу рәсімдерін жеңілдету бойынша тәсілдері мақұлданды, денсаулық сақтау, энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы жекелеген инвестициялық жобалар мәселелерін шешу бойынша тапсырмалар берілді.

Өңірлік деңгейде Алматы және Атырау облыстары әкімдіктерінің инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы қаралды. Өңірлерге жаңа инвестициялар тарту және жоспарланған жобаларды әрі қарай орнықтыру үшін салаларды әртараптандыруды арттыру қажеттігі атап өтілді.

Primeminister.kz.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?